Екібастұз қаласында өткен “Тіл керуені”
Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 3-нен Екібастұз қаласында “Тіл керуені” жұмысын бастаған болатын. Аталған курс тәрбиешілерге арналған. Курс аясында қызмет бабындағы қажеттілік сөздер мен сөз тіркестеріне аса назар аударған болатынбыз, тіпті, жинаған-тергенімізді ортаға салдық. Сабақтар жаңа технологиялар бойынша жүргізіліп, рөлдік ойындар, қызметтік жағдаяттарға бағытталған. Дене шынықтыру сабақтарын қазақша қалай өткізуге болады, қандай қимылдарды қазақша айтып, әрі демалуға, әрі сөздерді қайталауға мүмкіндіктер бар екенін атап кеттік. Сабақ барысында қажетті ұсыныстар мен нұсқаулықтар берілді, ал пікір алмасу кезінде ойын арқылы, сурет салу арқылы ойымызды білдіріп отырдық. Мысалы, “Ауа райы” тақырыбы бағдарламада аталып белгіленген екен. Бұл тақырыпқа қажетті сөздерді пайдаланып сурет арқылы қайталап, біршама қимыл жасауға болатынын анықтадық (Балалар, қонаққа жаңбыр (ауа райы) келді, деп бастап-ақ, қолға түрлі түсті қарындаш алып сурет салдық. Өте қызықты өткен сабақтарымыз нәтижелі болып шықты. Ал, алда жаңа кездесулер, семинарлар мен тренингтер болуы күмән келтірмейді, өйткені, білем дегеннен білмейтініміз әлде қайда көп… Ұлы Сократтың “Менің білетінім – ештеңе білмеймін екен” дегені бар ғой, ал олай болса, үйрену әрі үйретуіміз, осындай форматтағы кездесулер қажет.
С 3 сентября текущего года проводились курсы казахского языка в рамках проекта “Тіл керуені”. На данном курсе обучались воспитатели г. Экибастуз. Весь материал курса был посвящен лексике, которая необходима в процессе работы. Были предложены рекомендации и предложения по усилению эффективности работы с детьми, это фикультминутки на казахском, уроки рисования на казахском, например, (дети, к нам в гости пришел дождь (погода) и т.д. Рисуя, мотивировали момент запоминания слов и выражений. Занятия проводились с применением новых технологий обучения с адаптацией на повседневний рабочий режим воспитателя. Нет сомнений, что будут еще встречи, семинары и тренинги, потому что необходимость такого формата обучения очевидна. Много еще престоит узнать, обыграть в реалии жизни и как сказал Сократ “Я знаю, что я ничего не знаю” должна мотивировать на познание и улучшение качества наших встреч.