Курсымыз жалғасуда …
Сабақ барысында ойлау қабілетін жетілдіретін дене қимыл, саусақтарға арналған саусақтар мониторикасын жетілдіретін жаттығуларды да қолданамыз. Өйткені, психологиялық тілдік ерекшеліктерді ескере отырып түрлі тәсілдер қолданылса тыңдаушыларымызды қызықтырады, естерінде сақталады, сондықтан үйрену және үйрету үдерісінде көмек ретінде де пайдалануымыз тиіс. Мысалы, жазу, айту, қимылдау әрекеттері бірге қолданылса пайдасы мол болады. Ал, қызықтыру үшін сабақ барысында жаңалықтарды жаңа технологияларды қолдана жүремін. Тыңдаушыларым қызығушылық танытып, естерінде сақтауға тырысып жатады.