Тілдер фестивалі
Ағымдағы жылғы қыркүйектің 5-де Павлодар қаласында үлкен мереке өтті. Іс-шараға арнайы Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Р. Оралов қатысты. Павлодар қаласы әкімдігі мен қала мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің белсенділігімен аталған іс-шараға арнайы 5 киіз үй құрылды, “Тіл шаһары” бой көтерді. 4 жоба “Рухани жаңғыру” республикалық тізіліміне енген. Әр киіз үйде жеке орналасқан жобалар өз көрмесімен, концертімен жан-жақтан келген болатын. Қатысушылар мен қонақтарымызға екі қазан палау, сусындар мен бауырсақ тегін таратылып, іс-шарамыз жалғаса берді.