Флеш-тренинг шолуынан
Сабақтарымыз көңілді өтіп, пайдалы мағлұмат алуға бағытталған. Ынталандыру үшін түрлі әдіс-тәсілді қолданамын. Қазақ тілін үйрену үшін сурет салу тәсілін жиі пайдаланамын. Бірнеше әрекет жасай отыра үйренетін болады. Мысалы, тыңдау, сурет салу, салынғанын ашу, жазу және айту тәсілі қызықтыра түседі. Тіпті, белсенділік танытқан, мобилдік қосымша арқылы ең көп балл алғандар марапатталады және “Ақылды смайликпен” суретке түседі, Ал төмен балл алғаны көріп отырғандай “Жыртық байпақ” номинациясына ие болады.