Жұмыс тобының отырысы
Үстіміздегі жылғы желтоқсанның 27-де облысымыздағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Аталған отырыста Тереңкөл, Шарбақты аудандарының 2017-2019 жылдары аралығында өткізілген іс-шаралары жөнінде әңгіме болды. Сонымен бірге, “Қазақ тілі” қоғамы мен “Ана тілі” орталығының атқарылған жұмыстары мен болашаққа бағытталған міндеттері жайлы баяндамалар жасалынды.