“Тұтынушы талабы – сапалы қызмет” онлайн кездесу
Облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың қатысуымен “Тұтынушы талабы – сапалы қызмет” онлайн кездесу үстіміздегі жылғы қарашаның 26-да өтті. Аталған кездесуге қатысқандар “Атамекен” өкілдері, Трамвай басқармасының басшысы, сондай-ақ ірі сауда үйлер мен қызмет көрсететін басқа да кәсіпорындардың өкілдері қатысып қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жөнінде әңгіме қозғалды.