“Тілдік келісім” жобасы
“Тілдік келісім” жобасы осы жылы жалғастырылып өз нәтижесіне жеткен сияқты. Бұл жобаның ерекшелігі – ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған болатын. Әр сала санатының азаматтарына арналған қазақ тілі курстары үнемі өткізілуде. Бөтен бала болмайды, еліміздің баласы болғандықтан. Балаларды қамқорына ала білген ел жөнге келеді деп білемін. Әр бала туа бақытқа бөленсін деп тілейік.
Курс басталмас бұрын әр балаға пакетке салынған сыйлығымызды таратып, тәтті сыйлығымызды да апарғанды жөн көрдік. Айтарлықтай, Кенжекөл ауылындағы және Павлодар қаласындағы балаларымыздың көңілінен шықсын екен, деген ниетпен бастап едік. Әр балаға логотипі басылған футболка мен бейсболка, оқулықтар мен кеңсе бұйымдары да берілген болатын. Бала емес пе, сабақтарымыз жаңа форматта өткізгеніміз де балаға бір қызық. Күліп- ойнап, тапсырмаларды орындауда белсенділік танытқанына біз де мәз болып қалдық.