Железин ауданында өткен екі семинар-тренинг: Мемлекеттік тілдің мәртебесі – еліміздің нышаны Латын қарпіне көшу рухани жаңғыру талабы
Үстіміздегі жылғы қараша айында Железин ауданының мамандарына арнайы “Мемлекеттік тілдің мәртебесі – еліміздің нышаны” және “Латын қарпіне көшу рухани жаңғыру талабы” атты екі семинар-тренинг өтті. Аталған семинарға ППМУ ф.ғ. докторы, профессор Сағындықұлы Бекен қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар қатысушылары практикалық тұрғыдан интерактивтік тапсырмалар орындап өзекті мағлұмат алды.