Сабағымызды жалғастырамыз…
Жаңа сөздер — новые слова: тапсырма: сөздерді сөздікке жазып алыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

| Кілем | ковер |
| Зат | вещь |
| Орындық | стул |
| Айна | зеркало |
| Төсек орын | постель |
| Сурет | картина |
| Ілулі тұр | висит |
| Төсеніш | половик |
| Шам | лампа |
| Түс | цвет |
| жабық | закрыто (-ый) |
Мына мақaл – мәтелдерді оқып жаттап алуға болады. Керек болып қалады!
Айна айна емес – халық айна — Зеркало правды – народ.
Тура ағаш үйге тіреу, – тура жігіт елге тіреу — Крепкое бревно (дерево) – подпорка для потолка, стойкий джигит – опора для народа.
Кілем сатсаң ауылыңа сат, бір шетінде өзің де отырарсың — Продаешь ковер – продавай у себя в ауле:
порой и сам на краешке посидишь.
Мынаған назар аударыңыз:
Ты не пошел: барған жоқсың, он не пришел – ол келген жоқ:
основа слова+ған/ген/қан/кен+жоқ+личн.оконч.
Мен — мын/мін/бын/бін/пын/пін
Сен — сың/сің/
Ол — …
Сіз — сыз/сіз
Біз — мыз/міз/быз/біз/пыз/піз.
Интерактивтік тапсырманы орындап көріңіз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdTPOj79sbjCvm6T1mlEGnSArBB6YIRECwlJ-A7zW_tmvTKvA/viewform?usp=sf_link
Тапсырма: «Ana tili» мобильдік қосымшасындағы «Үй-пәтер» тақырыбы бойынша тапсырмалар орындаңыз.

