Ал, мынаған не дейсіз?
Суреттің сипаттамасы
Суретте желтоқсан айының ортасы. Жастар жағалауда кездесті. Жігіт бірден қыздың үлкен, қоңыр көздеріне назар аударды. Ол оған жақындап, атын сұрап, бірге серуендеуді ұсынды. Қыз келісті.
Олар соншалықты қызығып кетіп, орындыққа қалай барғандарын байқамай қалды. Әңгімелескеннен кейін олар келесі кездесуге келісті. Ең қызығы орындықта екі із қалды. Кездескен екі адамның ізі. Олар таныс, бірақ әлі жақын емес екені көрініп тұр. Өйткені іздің арасында қар басқан жер болған. Сол кезде бір атақты фотограф өтті. Оған бұл жұмбақ сурет ұнады. Бірден суретке түсіріп, парақшасына жариялады. Бұл сурет бірден интернетке тарап, танымал болды. Олар оны БЕЛГІСІЗ ОТБАСЫ деп атады!
Жанна Ешимова