Курс тыңдаушыларының шығармашылық жұмыстарынан …
Ал, мынаған не дейсіз?… Наталья Коленконың жұмысы.
Жазғы кеште әкесі оң жастағы қызын таудың басына апарды. Қараңғы түсті, сосын түн келді. Түнгі аспан таза болды, сондықтан жұлдыздар жақсы көрінді. Әкесі мен қызы жасыл шөпте құшақтасып отырды, жұлдыздарға ұзақ қарады. Бір кезде үлкен жарқын жұлдыз құлай бастады.
– Қызым, қара! – деп айтты әкесі, – бұл бақыт жұлдызы. Ырым бойынша, құлайтын жұлдыз ұшқанша, тілек айтып үлгеру керек. Бірақ тілегіңді ешкімге айтпа, өйткені жұлдыздармен ғана сырласқан жөн. Ұмытпа, қызым, сенің тілегің мейірімді болуы керек. Егер сен біреуге жақсылық тілесең, сенің тілегің міндетті түрде орындалады. Сен дайынсың ба?
-Иә, әке! – деп жауап берді қызы.
Ол басын аспанға көтеріп, үнсіз отырып тілегін йтты. Жұлдыз жерге түсті. Қызы қандай тілек айтты екен, сіз қалай ойлайсыз?