Қысқы “Тілдік glamping”
Өткен жылғы желтоқсанның соңғы күндері үлкен іс-шара, сабақ өткіздік. Оны “Тілдік glamping” деп атағанмын. Креативтік экономика деген өте қызықтыратын болды өзімді. Осы жаңалық ретінде қызықтырғаны жаңалығымен де, мазмұнымен де болатын. Тіл әдістемесіне осы тұрғыдан қарап, оның тілді үйретуде қалай кіргізсем екен деп, оның концепциясын да әзірлеп қойған сияқтымын. Кірісе кетіп көп мүмкіндігін сезіндім, дегенмен бұл әлі де жаңалық. Жүре бере жаңа креативтік тәсілдер де ойыма келгендей болды. Соның нәтижесінен соңғы екі жыл бойы өткізген іс-шара-сабақтарымды осы сипаттамадан, осы бір тұрғыдан көрейінші деген ойлар келе бастаған. Ойымды жүзеге асырсам екен деп оның бір қырын Сіздерге көрсеткім келіп отыр. Тыңдаушыларым қуана қатысып, ұнатқандай болды.
Еркін отырып тіл үйрену жолдарын тапсақ, көңілдеріміз де тіліміз де ашыла түседі.
Жазғы күндері де, қысқы суығында да өткен “Тілдік glamping” әлі де жалғасын табады.