«Бір суреттің құпиясы» тыңдаушымның шығармашылығы …
Ал мынау Наталья Коленконың әңгімесі.
Қалың орманда, өзеңнін жағасында шағын ағаш үй тұрды. Үйде орта жастағы жұбайлар бұрыннан өмір сүрді. Олар қарапайым мейірімді адамдар болды: бақшада жеміс-көкөністерді өсірді, құс ұстады, аң және балық аулады. Жұбайлар өмірге разы болды, бірақ өкінішке орай, олардың балалары болған жоқ.
Бір күзгі түнде оларды қатты баланың зары оятты. Үйден тез жүгіріп жұбайлар қайықты байқап қалды. Қайыққа жақындағанннан кейін олар жаңа туған нәрестені көрді. Қайықта жататын кішкентай қыз қатты жылап жатты, оның мойынында алтын асқыш болды. Жақында ешкім болған жоқ.
-Құдайым-ау! — деп айтты әйел, — бұл қыз — Алланың сыйы ғой. Құдай біздің ғибадаттарымызды естіп, бұл баланы жіберді.
Жұбайлар қызды үйіне әкелді, сол уақыттан кейін туған қыз сияқты оны тәрбиелеп өсірді.
Оң сегіз жыл зымырап өтті. Қызы мейірімді, ақылды, еңбек сүйгіш, адал боп өсті.
Бір күні тоғайда патша аң аулап жүрген. Ол өзен қасында жылқыны суаруға тоқтады. Бір кезде үйден әдемі, ұзын шашты қыз шықты. Оның мойынында алтын асқыш жарқырай түсті.
— Қызым, сен осы асқышты қайдан алдың? — деп сұрады патша.
Қыз ата-анасын шақырды, сосын олар патшаға бәрін айтып берді.
— Бұл мүмкін емес! – деп патша жылап жіберді, — қызым туғанда, мен оның мойына асқыш сыйлап едім, бірақ дұшпандарым баланы ұрлап алды. Қызым қайтыс болды, деп ойладым. Сіздер патшайымды сақтадыңыздар, мен сіздерге өте ризамын, деп қуанып айтты.