Практикалық сабақтар
Қарашаның 12-де тобымызбен практикалық сабағымызды ұлттық тағамдар жасау тақырыбы бойынша «Экодом» кәсіпорында өткіздік. Қолымызбен жасап, дәмін татып, жаңа сөздермен де танысып жаттық. Өте қызықты өтті. Осы кәсіпорынның басшысы Марина Рединаға алғысымыз шексіз. Марина өзі де қазақ тілін үйреніп жатқан жан, шығаратын өнімі ұлттық тағамдарға арналған. Шығарылатын өнімі: жент, қоспа, құрт, талқан, ірімшік, сүзбе түрлері өте сапалы, дәмді.