“Күн сәулесі” оқулығының тұсаукесері
Облыстық арнайы кітапханада және облыстық С. Торайғыров атындағы кітапханада тұсаукесер өтті. «Күн сәулесі» қазақ тілі курсы Брайль жүйесі бойынша құрастырылған, қосымша ретінде аудиокурсы бірге берілген. Аталған курс арнайы санаттағы азаматтарға, көзінен мүгедек болған азаматтарымызға арналған. Жеке атап кететін жағдай бұл оқулық қолмен терілген. Әлеуметтік тілдік бейімделу курсы барысында арнайы оқулық пен аудиодиск пайдаланып сабақ өткізілетін болады. Оқулықтың пайдасы мол, оң әсерін тигізетініне кәміл сенеміз.
В областной специальной библиотеке и областной библиотеке им. С. Торайгырова прошла презентация учебного пособия “Күн сәулесі”. Курс социальной языковой адаптации «Күн сәулесі» по системе Брайля с аудиокурсом предназначен для социально уязвимых слоев населения, инвалидов по зрению. Хочется отметить, что данный учебник был набран вручную. В ходе занятий будет использовано данное учебное пособие для социальной языковой адаптации. Мы уверены, что учебное пособие будет полезно и окажет положительное влияние на процесс обучения казахскому языку.