2017 жылғы жаз айында «Тіл керуенінің» сабақтары Павлодар қалалық саябағында өтті…

Үстіміздегі жылы жаз айында Павлодар қалалық саябақта киіз үйде “Тіл керуені” өз сабақтарын өткізді. Қала тұрғындары қызығушылық танытып жатты,  олардың киіз үйдің ішінде өтіп жатқан сабақтарға да қатысуға мүмкіндіктері болды. Ал, таза ауада жайылған дастархан көбінің көңілінен шыққандай … Сабақтарымыз көңілді, жеңіл өтіп жатты, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, театрлар мен мұражайға да  барып шықтық. Ертіс пен Ақтоғай аудандарынан келген  топтардың көңілдерінде көпке дейін ұмытылмас сәттер қалатынына күмән жоқ және олар  жаңа кездесулер әлі алда деген үмітпен үйлеріне оралды …