Шарбақты ауданы мәдениет саласының қызметкеріне арналған семинар-тренинг

Шарбақты ауданы мәдениет саласының қызметкеріне арналған семинар-тренинг үстіміздегі жылғы қарашаның 25-де өтті. Аталған семинарға қатысқандарға жаңа әліпби маңыздылығы мен ерекшелігі жайында әңгіме болды. Практикалық тұрғыдан тапсырмалар орындалып ресми стилімізге де мән берілді. Семинар нәтижесінен Тіл волонтері ретінде тегін сабақтар ұйымдастырылуы жөнінде ұсыныс беріліп, қатысушылар тізімі де белгіленді. Енді, аптасына екі рет ниет білдірушілерге оқыту курсы тегін өтетін болады.