Отбасы тақырыбы бойынша …

Балабақшаға, мектепке, жұмысқа жиналған кезде: қажеттісін жаттап алыңыз-когда собираетесь в д/сад, в школу, на работу: необходимое можно выучить

Тапсырма: оқып аударып көріңіз — прочитайте, попробуйте перевести

Балам (қызым), тез киін, қалып қойма (қалып қоямыз, кешігеміз, кешігесің)
Бүгін күн салқын жылы киін.

Бүгін күн жылы жеңіл киім ки.

2
Аспан бұлтты, мүмкін жаңбыр болады. Қолшатыр алуды ұмытпа (қолшатырыңды ал)
Ештеңе ұмытқан жоқсың ба? Бәрін алдың ба?

Жолда мұқият бол. Абайлап жүр (көшеде абай бол)
Балалармен төбелеспе, апайды (мұғалімді) тыңда. Шулама. Тәртіп сақта
Сен нешеде келесің?
Мен кешігіп келемін (мен уақытында келемін), (мен ерте келемін)
Сабақтан соң тура үйге кел, бос жүрме. Үй тапсырмасын орында, қар тазала.
Балам, келген соң тамағыңды іш (тамақ іш), сосын жұмысқа кіріс. Балам, үйді жина. (ыдыс-аяқты жу),

Что будете кушать на ужин? — кешкі асқа не жейсіңдер? (кешкі асқа не дайындайын, қандай кешкі ас пісірейін).
Вы не голодны? – аш емессіңдер ме? (қарындарың ашқан жоқ па?).
Покушайте, потом отдохните, а после этого принимайтесь за уроки – тамақ ішіп демалыңдар, сосын сабақтарыңа кірісіңдер (тамақ ішіп демалыңдар, сосын сабақ жасаңдар).
Завтра выходной, надо посмотреть, что идет в кинотеатрах и выбрать фильм, на который пойдем – ертең демалыс, кинотеатрларда қандай фильм бар екен қарап шығайық (ертеңгі демалыс күні кинотеатрларда қандай фильм бар екен қарап барайық).
Еще нужно сделать уборку, купить продукты и постирать школьную форму – үйді тазалап (жинап), азық түлік сатып алу және мектеп киімін жуу керек (үй жинап, азық-түлік сатып алу және мектеп киімін жуу керек).
Приготовьте вещи на понедельник – дүйсенбіге қажеттісін дайындаңдар (дүйсенбіге заттарды дайындаңдар, дүйсенбіге (жаңа аптаға) дайындалыңдар).
Скажите, какие блюда мне готовить на следующей неделе и я составлю список продуктов, что нужно закупить в магазине – келесі аптада қандай тағам (тамақ) дайындайын, сатып алатын азық-түлік тізімін жасауым керек (келесі аптада не пісіремін, айтыңдар, (себебі) мен азық-түлік тізімін дайындауым керек (азық-түлік сатып алуым керек).