Әріптестік қарым-қатынас. Қызылорда әріптестерімізбен өткізілген семинар-кеңес

Әріптестік қарым-қатынас ретінде өткен семинар-тренинг әдістемелік пікір алмасу бойынша өткен болатын. Қызылорда Орталығымен бірге аталған семинар барысында оқыту мәселесі, жаңа технологиялар қолдану жайында әңгіме қозғадық. Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер талқылап, сұрақтарға жауап бере отыра сабақ барысында қолданылатын тәсілдерімізбен бөлістік. Онлайн-сабақтар жүйесі негізінде құрастырылған 104 сағаттық интерактивтік тапсырмалар жүйесімен қоса деректер базасының құрылу тетіктерін көрсеткен болатынбыз. Орталығымыздың әдістемелік шығармаларымен таныстырдық.