Курс тыңдаушыларының шығармашылық жұмыстарынан …

Менің атым Кристина. Менің туған күнім көктемде, төртінші мамырда. Бірақ мен жылдың барлық мезгілін жақсы көремін, табиғатта сүйікті адамдармен демалуға жаз жақсы, ал ертегі үшін қыс және Жаңа жыл жақсы, ол менің сүйікті мейрамым.  Киноға барғанды қатты жақсы көремін. Коньки тебуді, суда жүзуді жақсы көремін, әр демалыс сайын бассейнге барғым келеді. Менің ұлым бар, оған жеті жас, от мектепке дейін сыныпта қазақ тілінде оқиды, көркем өнер мектебіне барады және спорт мектебінде футболмен айналысады. Біз Қазақстанда саяхат жасағанды жақсы көреміз. Біз Бурабайда, Жасыбайда, Алматы тауларында, Бұқтармада, Астана, Семей, Өскемен қалаларында болдық. Осы жазда Катон-Қарағайға баруды жоспарлап отырмыз, мен бухгалтерия бойынша оқуымды аяқтаймын. Қазір мен курста оқимын, содан кейін кәсіби бухгалтер сертификатын аламын. Ол маған жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Жаздың соңында қалаға көшуді жоспарлап отырмыз.