Кітап оқу дәстүрге айналған конкурс

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана дәстүрлі конкурсын ұйымдастыруда. Біздің орталығымыз да осы іс-шарадан қалған емес. Жылда өткізетін конкурсқа өз үлесімізді қосып демеушілік боп келе жатырмыз. Балалар арасында кітап оқу қызығушылығын арттыруға бағытталған конкурс жалғасын табады деген сенімдеміз. Кітапханашылардың осындай үлкен жұмысына сәттілік тілейміз. Ал біз болсақ қолымыздан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз.