Оқытушылардың шығармашылық жұмыстары…

Семинардың қорытындысы негізінде оқытушылардың шығармашылық жазба жұмыстарын ұсынып отырмыз. Бес сөзден шыққан сөйлемнен қысқаша әңгімелер мен ертегілер ой толғауға айналғандай. Сабақтар үстінде шығармашылыққа аса назар бөлінген болатын. Оқытушылар арасында бөлінген тақырып бойынша сабақ үлгілерін көрсетіп бөлісті. Нақты практикалық семинар болды. Ал, тағы бір жаңашылық “Ана тілі” орталығының бастамасымен салалар бойынша оқытушылардың жеке ұйымдары ашылып, ай сайын кездесулер өткізілетін болады. Оның мақсаты әдістемелік үйірме құрылып, салалық жүйедегі мәселелер орын алады. Мысалы, денсаулық сақтау саласының барлық оқытушылары мен аудармашыларына арнайы күн белгіленіп (яғни әр айдың 23-і) деп бекітілді. Сол күні осы саланың әріптестері орталықта бас қосып, мәселелерін талқылайды, ал Орталық әдістемелік көмек көрсетіп олардың сабақ үлгілер кітапшасын шығаруға жәрдемдеседі. Осы сияқты колледж оқытушылары, кәсіпорын оқытушылары және т.б. өз топтарын құрастыратын болады. Орталықтан «жазылып» қажетті оқулықтар мен сөздіктерді жұмыс бабында қолданып қайтару негізінде алуға болады.

В качестве творческого отчета семинара предлагаем письменные работы преподавателей. Надо отметить, что составленое из пяти слов предложение, дало импульс для написания маленьких рассказов и и даже сказки. Во время занятий много внимания уделялось творческому подходу. Преподаватели должны были показать фрагменты уроков по ранее  выбранным темам. Еще одна новинка семинара по инициативе Центра открыты кружки преподавателей по отраслевому направлению, а также установлены даты для каждого кружка. Так, коллеги сферы здравоохранения могут собраться для работы кружка (день выбран 23-е), именно каждый месяц 23 числа у них будет возможность обсудить свои проблемы, разработать единый стиль и методы преподавания исходя из отраслевой направленности. Этот принцип сохранен и для преподавателей колледжа, производственного сектора и т.д. А Центр со своей стороны окажет методическую помощь и поможет в издании методических образцов уроков казахского языка, это существенная помощь коллегам. В Центре можно будет «под запись» брать учебные пособия и словари для работы на возвратной основе.

Ал, енді шығармашылық жұмысының реті келді. Оқып тамашалайық…

                                       

                               Нәзік пенделер сұлулықтың, пәктіктің жаршысы

      Айлы түн… Ашық аспан… Айнала тым-тырыс… Қою тыныштық… Етегін жұлдызды, жауһар моншаққа малып алған аспан жерге көмкеріле төніп тұрғандай. Қос алақанымды көкке бойлап, сол моншақтарды жиып алып, мына үнсіз тыныштыққа моншақтан шашу шашсам ба деймін. Әлде мұндай тыныштықты бұзу қиянат па?! Қасірет пе?!

Жетімкөл… Таңсәрі… Алтын кесек аясында мұнарланған көк аспан біртіндеп ағара бастады. Түнгі тыныштық аққулардың сыбдырымен жалғаса түсті. Ақ айдын көлде қос аққу махаббаттың сырын ашқандай сыбырласа, сырласа қанаттарымен сұлу үнді, махаббатты жырлағандай баяу қалықтап келеді.

Айдын  көлдің аққулары ұйықтағанда өрген мал, ұшқан құс, ағаш, шырша  – бәрі-бәрі абайлаған деседі. Бұл көрініс тек Жетімкөлдің айдын көлін, жасыл желегін, тау-тасын одан әрі көріктендіре түсетіндей. Әлемнің мәні мен сәні осы екі нәзік құстардың тал бесікте өсиет етіп тербеткен нәзік үндері барша адамзатқа ұлы сезімнің үлгісі боларлықтай. Шіркін, адамзат махаббатарын, өз сезімдерін осы нәзік пенделерден үлгі тұтса деген игі тілегім бар.

 

«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ,

аудармашы Баталова Қалимаш