Тіл волонтері …

Үстіміздегі жылғы қаңтардың 29-да Тіл волонтері өз жоспарын талқыға салды. Алда қойылған мақсат, міндеттерін орындау жолдарын қарап,  волонтерлерге талап қойылды. Ең алдымен, осы сенбі күні, яғни ақпанның 1-де сағат 16:00-де «Ана тілі» орталығында волонтерлердің оқуы басталады. Көпшілікпен жұмыс істеу үшін дұрыс бағыт та қажет. Атап кететін жағдай, өзіміздің логотипі, имидждік өнім, төс белгісі, Абай Құнанбаевтың 175 жылына арналған имидждік өнім, тілдер модельдерге арналған кітапша да шығарылды. Тіл волонтері логотипі басылған ақ түсті футболкасы мен бейсболкасы бар. Ақпан айын іс-шараларымызбен бастайық деп отырмыз. Келіңіздер, бірге көтерілген жүк жеңіл болады демекші, өз үлесін қосуға дайын ағайындарға да есігіміз ашық.