Балалар үйіндегі іс-шарамыз

Сенбілік әжелер акциясын қолға алған Тіл волонтерлері осы айдың 22-де Павлодар қаласындағы Балалар үйіне барды. Жақсы әсер алған балаларымыз да көңілді болды, ал Тіл волонтері деп жазылған үлкен тортымыз орынды болғандай. Әжелеріміз ұлттық салт-дәстүр көрсетіп, біз болсақ балалармен түрлі ойын жүргіздік. Міне, осындай кішігірім тойымыз сенбі күні өтті,  алдымызда әлі Кенжекөл ауылындағы Балалар үйі жоспарлануда.