“Тіл волонтері” өз жұмысын жалғастыруда… Ертіс ауданындағы конкурс

Өткен аптада Ертіс ауданында Тілдер мерекесіне орай аудандық конкурс өткізілді. Аталған конкурс онлайн өтіп, интерактивтік тапсырмалар мен онлайн диктант жазу және т.б.шартымен өтті. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар белгіленіп сыйлықтар мен грамотамен марапатталды.