“Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!” акциясы INMART дүкенінде өтті…

Қараша айының 5-де “Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!” акциясы INMART дүкенінде өтті. Аталған акция барысында сатып алушылармен  тілдік ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлық берілді. Сонымен қатар, азық-түлік атаулары қазақ тіліне аударылып типографиядан басылған түрінде дүкенге жұмыс бабында қолдануға ұсынылды. Аталған акция жалғасын табады деген үміттеміз.