СУРЕТТЕР СИМФОНИЯСЫ Суреттер  әсерінен туындаған шығармалар …

Флеш-тренинг сабақтарымыз барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Арт-терапия шығармашылық көз-қарасты озгертіп мынадай нәтижеге жеткізеді. Сабақ барысында музыка әуені, әдемі суреттер арқылы шығармашылық шабыт үстінде Тіл волонтерінің кітапшасы да шықты. Орыс классиктерін қазақшаға аударып, Мыржақып Дулатовтың әңгімелерін де орыс тіліне аудардық. Бұл нәтиже емей не?! Басқалар оқып ынталанатын болады. “Мен де осындай нәтижеге жетсем екен” – деген ой туа бастар деген ниетпен шығардық.

СУРЕТТЕР СИМФОНИЯСЫ   Суреттер  әсерінен туындаған шығармалар …

 Күнбағыс

Далада күнбағыстар өсіп жатты. Олар күннің шуағына жапырақтарын жайып, соққан самал желге шайқалып, бір-бірімен әнгімелесіп тұрды. «Қараңдаршы, күннің көзі қандай әдемі, бізге аспаннан қарап жатыр. Оның шуақтары біздің гүлдерімізге нәр береді. Менде де сол сияқты аспанда жарқырап тұрсам ғой, шіркін» –  деп қасында тұрған күнбағыстарға айтып жатты. Күннің көзі әнгімесін естіп, күлімдеп: «Мен сияқты болғын келе ме? Қарашы, сенің қасында қанша Достарың бар. Ал, мен секіңлді болсаң аспанда жалғыз тұрасың, қасында достарың болмайды ғой» –  деп бұлттардың арасына кіріп кетеді.

Г. Койшигарина

Ал мына әңгімені жазғанды оқыңыз…

Әңгіме

Бірде мен үйден шықтым. Ауа-райы жақсы болды. Аспан бұлтсыз. Және жарқын күн. Өз жарықпен ұқсас. Мен шексіз кеңістікті көрдім. Күнбағыс қай жерде болмасын. Олардан басқа ештеңе жоқ сияқты. Олар хош иісімен дем алуға шақырады. Олардың әдемі сары жапырақтарын көзге түседі. Олардың саны соншалықты көп болғандықтан, бұл күн әр жапырақшасында жерден шағылысатын сияқты.

Вестова Лилия