Әр істің ерекшеліктері болуы тиіс …

Осы жылғы шілденің 22-нен 26-на дейін Орталығымызда “Тілдік бранч” курсы өтіп жатыр. Қатысушыларымыз Тереңкөл және Аққулы аудандарынан келді. Қызықты өтуге ат салысып жатқан азаматтарымыз тыңдаушыларымыздың көңілінен шыққандай. Қаланың ортасында арнайы киіз үй бой көтеріп, қазақ тілі сабақтарымыз пайдалы әрі қызықты өтіп жатыр. Қазақи самауыр қойылып бауырсағымен, талқанымен,  май-кәмпитімен және міндетті түрде құртымен дастархан жайылуда. Осы курс тыңдаушыларымыздың көңілінде қалатындай жағдай жасап жатырмыз. Ал, музей аралауға да назар бөлінген. Тіпті, оқып қана қоймай қаламыздың әдемі жерлеріне де бет бұрамыз. Міне, осындай қазақ тілі сабақтарымыз түрлі әдіс-тәсілімен, қыр-сырымен өтуде, ағайын. Ағылшын тілі мен қазақ тілін меңгеруге мүмкіндіктер бар, сабағымызға ППМУ профессоры Сағындықұлы Бекен қатысып ой-пікірлерін ортаға салып бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *