“Тіл керуені” 2017 фестивалі

2017 жылғы тамыз айының басы. Торайғыр көлінің жағасында жыл сайынғы “Тіл керуенінің” фестивалі өтті. Аталған іс-шараға облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов, фестиваль қонақтары мен “Тіл керуені” қатысушылары да келді. “Тіл керуені” шаһарында қол өнер шеберлерін, сұлу бикештерді, батырларды, суретшілер мен әртістерді де көруге болды.  Бұл нағыз  караван сарай, десек артық болмас,  себебі бәрі көптен күткен,  көңілдері көтеріңкі жандар болатын. Қонақтарға жайылған дастархан басында әзіл-күлкі, ән-күй орындалып та жатты. Ал қанатты алтыбақан  жастарды көк аспанға ұшырғандай болды…  Мерекеміз концертке айналып, жан-жақтан келгендер өз өнерлерін көрсетіп, мерекеміз жалғасып жатты …