Аққулы ауданының семинары

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер істері басқармасының тапсырысы бойынша  семинар арнайы Аққулы ауданының мамандарына арналған болатын. Семинарда ПМПУ профессоры, ф.,ғ.докторы Бекен Сағындықұлы дәріс оқып тіліміздің күрделі де маңызды сәттеріне тоқтала кетті. Семинар практикалық тұрғыдан болғандықтан интерактивтік тапсырмалар, тест жүйесімен де таныстыра өтті. Ал, онлайн диктантымыз тыңдаушылардың көңілінен шыққан көрінеді. Осындай форматтағы семинарымыз жалғасын табады деген сенімдеміз.