Мемлекеттік қызметшілер латын қарпін меңгеруде …

Үстіміздегі жылғы төрт ай ішінде өткен қазақ тілі курсына арнайы қатысқан мемлекеттік қызметшілер жаңа әліпбимен де танысқан болатын. Әрине, қазіргі таңда бұл өте өзекті мәселе. Сондықтан, тыңдаушыларымыз қажеттілігін сезіне отырып, жаңа емлені меңгеріп алуға тырысып жатты. Еңбек ширатады, өмір үйретеді, демекші қызмет ету үшін тілді білген қажет, ал үйренем деушілерге мүмкіндіктер де болады.