Трамвайда флеш-тренингтің жабылу кезеңі туралы мағлұмат ретінде…

Біздің өміріміздің әр сәті мәнді де сәнді болуы тиіс. Өзіміз өмірімізді қызықтыра түспесек, ісімізден ләззәт алмаймыз. Тыңдаушыларымыз да өз істерінен ләззәт алғандай. Әрине, қазақ тілін білу оларға өте маңызды, сондықтан түсіне отырып, екі ай ішінде  сабақтарды босатпауға тырысты. Тіпті, жақсы қатысқан, белсенділік танытқандарға сыйлық та берілді. Мысалы, “Ана тілі” мобильдік қосымша тегін қосылып, басқа да оқылықтар тегін берілген болатын. Келесі кездескенше деп бір-бірімізбен қоштасып қалдық…