Тыңдаушылардың шығармашылық еңбектері …

Сабақтарымыз қызықты әрі пайдалы өтсін деп түрлі тапсырма өткіземіз, соның бірі тыңдаушыларымыз шығармашылық тапсырмалар орындап, қазақ тілінде ертегі, қысқаша әңгіме жазуы тиіс. Сіздің назарыңызға Максимов Виталийдің “Чебурашка” атты әңгімесін ұсынып отырмыз. Керемет қой! Тіпті, талаптанып жазғанын, айтсаңшы. Шіркін, “қазақ ағайындарымыз” осындай талап, ниетпен болса екен деймін…

Чебурашканың бірінші саяхаты.

            Бүгін ауа райы бұлтсыз, күн шуақты. Қалалық баққа ағаштардан сары, жасыл, қызыл жапырақтар түседі. Балалар қалалық саябақта ойнап жүр. Бір кезде олар Чебурашканы көріп қалды. Ол ағаштын үстіңде жылап отырды. Балалар жақындап оны олармен ойнауға шақырды. Чебурашка қатты қуанды. Сосын олар қыдырып, балмұздақ жеп лимонад ішті. Балалар Чебурашкаға сыйлық жасады. Олар түрлі-түсті жапырақтар жинап, Чебурашкаға сыйлады. Одан кейін оны балабақшаға шақырды.             Бәрі балабақшаға келіп, топқа кірді. Топта киім шешті, сосын демалды. Демалыстан кейін балалармен бірге Чебурашка ас бөлемге барды. Сосын тобының ойын бөлемесінде мәшінамен ойнады. Кеш келді, бәрі үйлеріне кетті. Ал Чебурашка балабақшада қалды, көңілсіз  ұйықтап қалды. Чебурашка оянды. Күн жаңа шықты. Балалар балабақшаға келе бастады. Чебурашка көңілденді. Ол балаларды қарсы алды. Топ жинаған, тәрбиеші: «Бүгін бәріміз тоғайға барамыз» – деді. Таңғы астан кейін балалар киінді және далаға шықты. Ертістен өткенде, балалар құмды жағалауға шықты. Олар тоғай жаққа барды. Күз келді.  Шөп құрғақ болды, бірақ ағаштар түрлі түсті. Жапырақтар жасыл, қызыл, сары түсті. Аспан таза, бұлтсыз. Ауа райы жылы болған. Чебурашкаға бұл өте ұнайды. Күн оны жылытты, балалардың күлкісі көңілін көтерді. Күн бойы ойнап, уақытты көңілді өткізді. Бірақ, бір кезде кеш басталды. Үйге қайтатын уақыт келді.