Трамвайдағы акция-сабағымыз

Трамвайда сабақ өткізу жақсы дәстүрге айналып келеді. Өткен жылы сабағым осы көлік ішінде өткен болатын. Ал, биыл волонтер тобым акция-сабағын осы форматта өткізді. Үлкен іс-шарамыз қала тұрғындарының көңілінен шығып, біз дұрыс бағытта екенімізге сенім білдірді. Ал, олай болса, ағайын, қазақ тілі әр жерде, әр ісімізде, әр азаматтың жүрегінде орын алып, тілге қатысты жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер болсын.