“Тіл волонтері” Екібастұз қаласының тұрғындарына онлайн семинарын өткізді…

“Тіл волонтері” өз жұмысын тоқтатқан емес. Әрине, жоспарда түрлі іс-шара бар еді, бірақ жағдайға байланысты саябақтарымызда, ашық түрде қалалық жерлерде өткізе алмаймыз. Дегенмен, келесі жылы, Алла жасса, бәрін ойдағыдай өткізуге тырысамыз. Ал, қазіргі таңда қолдан келгенін жасап әр аудан, қалаға тегін семинар-тренинг өткізудеміз. Мысалы, маусымның 25-де Екібастұз қаласына арналған семинарымыз өтті. Қатысқан көпшілікке мобилдік қосымшаны тегін жүктеуге мүмкіндік бердік. Ал, тапсырмаларымызды орындап, хабардар болу үшін жаңалықтармен де таныстыра білдік. Келесі семинарымыз аудандарға жоспарланып отыр.