Бекен Сағындықұлы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАлық ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САҒЫНДЫҚҰЛЫ БЕКЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдік бірліктердің паратаксистік қызметі

 

Трансформ жүйесі мен апперцепция құбылысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2015

 

ӘОЖ 81’1 = 512. 122

ББК 81. 634 

С 14

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ғылыми-техникалық

кеңес отырысында талқыланып, ғылыми кеңес шешімімен баспаға ұсынылған

 

Жауапты редакторы:               Иновациялық Еуразия университетінің кафедра

меңгерушісі филология ғылымының докторы,

профессор А.Бейсембаев

 

Пікір жазғандар:                      А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Лексикология бөлімінің меңгерушісі филология

ғылымының докторы, профессор Ж.Манкеева

«Назарбаев университетінің» қауымдастырылған  профессоры, филология ғылымының докторы С.Әлісжанов

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымының докторы А.Жұмашева

 

          С 14 Сағындықұлы Б. Тілдік бірліктердің паратаксистік қызметі: трансформ жүйесі мен апперцепция құбылысы. Монография. – Алматы: 2015. – бет.

 

ISBN

 

Монография тіл біліміндегі паратакистік бірліктерді сипаттайды. Оның әр салалық қызметіне назар аудартып, синтаксистік белгілерін кең ауқымда түсіндіреді. Сөйлем құрылымында барынша көрінетін трансформ жүйесі мен апперцепция құбылысының тілдік фактілер арқылы жан-жақты талдануы қазақ тілі синтаксисінің жаңа бір бағытын танытады.

Еңбек тіл мамандарына арналған. Мектеп мұғалімдері мен жоо  оқытушыларына, студент-магистранттарға бағыт берерлік ізденістерге толы. Салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің көкейтесті мәселелерін ғылыми-зерттеу мақсатына арнаған ізденушілерге көмекші құрал бола алады.

 

ӘОЖ 81’1 = 512. 122

ББК 81. 634 

С 14

 

ISBN

 

© Бекен Сағындықұлы

Ғылым жолындағы аяулы ұстаздарым,

есімімен елеулі Қ.Есенов пен Т.Сайрамбаев

бейнелерінің мәңгі сақталуына арнаймын.

 

 

аңдатпа немесе тақырыпқа ғылыми негіздеме

 

Паратаксистің ғылыми мәнін ашу бүгінгі қазақ тіл білімінде ғана қаралып отырған жоқ. Ол арысы логикалық тепе-теңдікпен, яғни көлем қатынасымен, психологияда сөйлеу актісімен қатар қолданылады. Немесе олардың тілдегі көрінісі болып табылады. Мұның сыртында философиялық тепе-теңдік заңымен де өлшенеді. Берісі трансформдық жүйе мен апперцепциялық құбылысы анықталатын болады. Себебі «Сөз бен сөздің, сөйлемнің арасындағы қатынастың мәнін, түрін психологиясыз түсінуге болмайды. Апперцепция дегеніміз – білуге тиісті нәрсені бұрын білінген нәрсе арқылы білу болады»[1].  Демек, атауға түскен ғылыми түсініктерді өзара тығыз байланыстағы бірліктер ретінде қарастыруға итермелейді. Ол солай да, өйткені дыбыстың сөзсіз, сөздің сөйлемсіз бола алмайтыны сияқты, жалпы тіл сөйлеусіз, яғни психологиясыз, ойлаусыз, яғни логикасыз және әркез дамуды қадағалайтын (тіл де солай) философиясыз болмайды. Өз кезегінде аталған ғылымдардың да тілсіз, яғни тіл білімінсіз еш мәнге ие еместігін жобалаймыз. Тағы бір мәселе, паратаксистік қызмет тіл білімінің синтаксис саласында барынша талдаудан өтті. Тіпті, ол салаласу деген терминді иеленіп, паратаксис атауын ысыра бастады. Оның трансформдық жүйе белгілері тіпті қаралмады. Бұл сөйлемдердің «…арасында тығыз структуралық байланыс барын» елемегендік болып есептелсе керек. Шындығына келгенде, «Түрлі трансформация арқылы сөйлемдердің типтік түрлері функция жағынан да, өзгеру жүйесі жағынан да өзара байланысып жатады»[2]. Ал бұл түйткілді мәселелер ғылым байланысынсыз әсте шешілмейді.

Адам қоғамда болып жатқан құбылыстарды түйсініп, қабылдауға қабілетті. Түйсіну, қабылдау айнала қоршаған заттардың әртүрлі әсер етуінен туады: жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты суық/жылы/ыстық; белгілі бір зат сапасының қатты/жұмсақ; түр-түсінің жасыл/сары/көк т.б. болуын сезінеді. Адам танымының жоғары сатысы – ойлау мен сөйлеу. Демек, адам өткенін есіне түсіреді, келешегін көз алдына әкеледі. Бұл ес пен киялдың қатысынан мүмкін болады. Адамға тән басты белгілердің қатарынан сезім саналады. Сезім адам баласының қуана алуынан, қамыға білуінен, қобалжуынан байқалады. Сонымен қатар адам бойында алдына қойған мақсатына жетудегі табандылығы, еркіндігі бар. Психикалық құбылыс ретінде танылатын мұндай категориялар психология ілімі тексеретін заңдылықтар болып табылады да, психология пәнінің түсіндіруіне жатады. Бірақ олардың көру арқылы, сезу арқылы, ой арқылы қабылдануымен қатар тіл арқылы басқа біреуге жеткізілуі, нәтижесінде екінші жақтың естуі, қабылдауы, түйсінуі тағы бар. Міне, осы екі аралықтағы құбылыс тілдің, тіл білімінің түсіндіруіне сәйкес келеді. Онда психология ілімі тіл білімі ғылымымен тығыз байланысты деп қараймыз.

Сөйлеу мен тіл ұғымдары бірдей емес. «Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры, сондай-ақ грамматикалық формалар болып табылады» — дейді педагогикалық училищеге арналған оқулық авторы[3]. «Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін және адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Бұл тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін» — дейді жоғары оқу орындарына арналған оқулық авторы[4]. Ғалымдар пікірінен психологиялық категория сөйлеудің тіл бірліктері нәтижесінде болатындығын түсіну қиынға соқпайды. Ал олардың қандай бірліктер екенін тану тағы қиын болмау керек. Асылы, дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс деген мен «Сөйлеу бір сөйлемді де, бір бүтін баяндаманы да, біреудің шығып сөйлеген сөзін де ішіне алатын кең ұғымды термин екен» деген ғалымның да пікірі дұрыс[5].

Сөйлеуді сөйлеммен тең деп түсінуге болмас, бірақ біршама жақын екендігін де жоққа шығаруға болмайды. «Сөйлемнің айтылуы көп қолданылатын жері — көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер, — дейді С.Аманжолов. – Мұндай ойлар жүйесі адамның сезген-сезгенінше, түйген-түйгенінше беріледі. Ашуы (лебі), күлкісі, сұрауы, жауабы, қуанышы тағы сондай психологиялық жағдайлар да сөйлемге әсерін тигізеді, олар сөйлемнен көрінеді. Неше түрлі ойдың құбылыстары неше түрлі сөйлем түрлерін тудырады»[6]. Тілдегі сөйлем түрлері кұрылысы мен сөйлеу мақсатына қарай сараланады. Сөйлеу мақсатының, яғни сөйлеудің тілдегі көрінісі олардың хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлемдер болып келіп отыруында. Бұларды қолданылу жиілігі жағынан мөлшерлей алсақ та, мағыналық жағынан бірінен-бірі артық, бірі кем деп болжау жасауға болмайды. Өйткені мазмұн-мағына жағынан бұлар тең дәрежеде жұмсала алады. Мысалы: Қазір Еркебұлан сол ақ отаудың төрінде жалғыз отыр (Ғ.Мүсірепов). Әуелі мұсылманша оқимын, деп орысша тілге Асан екеуің бастыға алмай келесің-ау, ә? (М.Әуезов). Мына кісі Қаныш Сәтбаев деген ағаң болады, Қарасуға дейін жеткізіп саласың! (А.Сейдімбеков).

Хабарлы сөйлем бір нәрсені баяндап, хабарлау мағынасында жұмсалып отырса, сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында қолданылады. Ал бұйрықты сөйлем мәні өз алдына бір бөлек. Аталған сөйлем түрлері ішкі мазмұн бірлігіне қарай да топтасады. Хабарлы сөйлемнің қалау мәнді, болжау мәнді, баяндау мәнді, суреттеу мәнді түрлерін ажырата білсек, сұраулы сөйлемнің ашық сұрақты, жетек сұрақты, түрткі сұрақты, риторикалық сұрақты түрлерін жинақтай аламыз. Бұйрықты сөйлем де талап мәнінде, бұйыру мәнінде, тілек-өтініш мәнінде жұмсала береді. Рас, бұлардың қай-қайсысы да жеке зерттеулерге түсіп, нақты тиянақталды. Десек те, хабарлы сөйлемге қатысты мақсаттық топтаулар өз дәрежесінде танылып жүрмегенін айтқан жөн.

С.Аманжолов хабарлы сөйлемнің сегіз түрі болып келетінін баяндауыш қызметінен шешеді. Олардың ішіндегі «бір істің болғанын, болудағы себебін түсіндіретін» сөйлем түрін анықтама хабарлы деп тұжырымдауы көңіл аудартады. М.Балақаев та хабарлы сөйлемдердің мазмұнының әр түрлі бола алатынын ескеріп, баяндауыш мүше қызметіне сүйенеді. Осыдан барып оларды болымды-болымсыз, қалаулы, болжалды, етістікті, есімді деп жіктейді. Бұған қоса ғалымның хабарлау мәнді сөйлемнің «мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің» де ерекшеліктеріне байланысты түрленетінін айтқанын құптаймыз.

Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтастырған Р.Әміров сұраулы сөйлемдерді қызметі мен мақсаттық ерекшелігіне қарай да жіктеген. Оның алғашқысы – негізгі сұрақты, жетек сұрақты және анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер де, соңғысы — ашық сұрақты, альтернатив сұрақты, риторикалық сұрақты, түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер. Міне, дәл осындай жіктеу хабарлы сөйлем түрінде болмай тұр. Болса да шашыранды. Жоғарыдағы қос ғалымның топтастыруларын хабарлы сөйлем баяндауыштарының қызметіне қарай деп қана емес, хабарлы сөйлемнің қызметі жағынан бөлінуі деп те қарастыруымыз қажет. Ал мағынасына қарай бөлінуін хабарлы сөйлемнің ішкі логикалық мазмұны құрайды. Біздің байқауымызда, олар баяндау мәнді, суреттеу мәнді және түсіндірме мәнді болып келеді. Мұның бәріне жинақталған тілдік материалдар толық жауап береді: Аяғы тайып кетіп, шалқалап құлап бара жатты да, жан дәрмен кәрі аршаның жарбиған бұтағынан ұстай алды (1). Сол бұтаққа жармасып жатып төмен қарап еді, астыңғы жағы үңірейген терең құз екен (2). Тоқырау, тұрағы жоқ, түпсіз қараңғы зындандай (Қ.Жұмаділов).

Хабарлы сөйлемнің баяндау мәнді түрі мен суреттеу мәнді түрінің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Бірақ суреттеу мәнді түр «сөйлемге қатысқан сөздердің» ерекшелігінен шешіледі. Жоғарыдағы алғашқы сөйлем – суреттеу мәнді, оның бұлайша мазмұндалуына жарбиған деген сөздің әсері бар. Әдетте, бұл сөз кісіге, оның киім киісіне қатысты айтылады. Сөйлемді жарбиған сөзінсіз қолдану оның құр баяндауға құрылғанын көрсетеді. Екінші сөйлем С.Аманжолов ұсынғандай, «Соңғысы алдыңғысына анықтама есебінде айтылған» түсіндірме мәнді сөйлем. Бұл сөйлем, көбіне, осындай атаудағы құрмалас сөйлем түрлеріне тән. Бірақ жай сөйлемдік негізде келетінін де жоққа шығаруға болмайды. Ондайда «Бастауыш та, баяндауыш та есім (атау, тәуелдік ия көптік жалғаулы тұлғада) болып келеді»[7].

Психология ілімін тексерушілер сөйлеудің негізгі екі түрі барын көрсетеді. Ол – сыртқы сөйлеу және ішкі сөйлеу. «Сыртқы сөйлеу ауызекі (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді — деген Қ.Жарықбаев ішкі сөйлеу туралы да былай дейді: – Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады»[8]. Мұндай ұғым (сыртқы және ішкі сөйлеу) тілде сөйлем арқылы көрініс табады. Әсіресе, сұраулы сөйлемнің мақсаттық топтарының жиылуы диалогтық қарым-қатынаста байқалады: Біздің бұл түрімізді көріп Аян сырғанақты онан әрмен жамандайтын. Онан біздің шанамызға қарап қойып:

– Мыналар шана ма?! – дейтін мұрынын тыжырайтып. – Шіркін, өзінің рулі бар, алдында шамы бар, ылдиға да, өрге де бірдей сырғанайтын шана болса.

– Өй, қойшы, ондай шана болушы ма еді?

– Болғанда қандай? Қобыланды батырдың Тайбурылындай ұшатын ammap бар ма? Бар. Ендеше ылди-өрге бірдей сырғанайтын рульді шана да бар (С.Мұратбеков).

Қарсы сұрақты сұраулы сөйлем мен риторикалық сұрақты сұраулы сөйлемнің түріне аталған контекстегі сөйлемдер жауап береді. Мағыналық жағынан ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер де жиі кездеседі. «Сұраулы сөйлемдердің бұл түріне тән мағыналық ерекшелік — мұнда сұраққа негіз болып отырған, іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қатысады»[9]. Мысалы:

– Бұл қайсың-ей? – деді біреу ұйқылы-ояу.

– Мен ғой, Жұмабекпін. Белгібаймысың?..

– Иә, мен ғой. Астыңнан су шықты ма, құлқын сәріден не іздеп жүрсің? (Б.Тілегенов). Алғашқы сөйлемнен қимыл, іс-әрекеттің іздеулі екенін тапсақ, соңғы сөйлемнен іс-қимыл объектісінің іздеулі екенін танимыз. Жалпы, сыртқы сөйлеу осындай диалогтық негізде көрініс тауып отырады. Және ол тілдік заңдылықтар нәтижесінде түрлі грамматикалық амалдар арқылы жасалудан өтеді.

Грамматикалық амал-тәсілдердің қызметі ішкі сөйлеуде де болады. Бірақ ондағы сөйлемнің негізгі түрі – хабарлы. Әрине, риторикалық мәнді сұраулы сөйлемнің қатысуымен келген сөйлем түрлерін жоққа шығаруға болмас, бірақ оның өзі хабарлы сөйлемнің мағыналық түрімен араласып келіп отырады. Мұның сыртында «Қолданыс үстінде сұраулы сөйлем арқылы үнемі сұрақ қойылмайды» деген З.Ерназарова пікірі де орынды. Өйткені – «Құрамында сұрау мәнді сөздер тұрғанымен, қоғамда қалыптасқан этикет нормасымен байланысты сыпайы қарым-қатынасты ұстайтын сұраулы сөйлем түріндегі сөйлесім түрлері бар. Олардың ішінде белгілі бір сөйлеу мақсатын жеткізуде үйреншікті тілдік тәсілге айналған түрлері де кездеседі»[10].

Бұйрықты сөйлем де ішкі мағыналық топтарға толы. Оны осы салаға қатысты зерттеу жүргізген О.Жармақин, Л.Дүйсембекова және Б.Жақыпбеков сияқты ғалымдардың диссертацияларынан байқауға болады. Бұйрықты сөзінің бұл сөйлем мағынасын дәл ашып бере алмайтынын тілге тиек еткен О.Жармақин оны тек кең көлемде түсінгенімізде ғана, хабарлы және сұраулы сөйлемдердей қызметте жұмсауға болады деп түсіндіреді. Әйтпесе Іске қосу сөйлемі деп атасақ жөн болар дейді. Қалай дегенмен де қазіргі атауымен қолданылған бұйрықты сөйлемнің мағыналық топтары еңбекте жан-жақты талданған. Ғалым бұйрықты сөйлемнің негізгі он түрін беріп, олардың әрқайсысын ішкі мазмұн бірлігіне қарай тағы жіктейді. Мәселен, бұйрықты сөйлемнің алғашқы түрі — бұйыру өз ішінде тоғызға, тапсырма екіге, ұсыныс беске т.т.б. жіктелген. Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолын, қызметін ашып көрсеткен ғалым бұл сөйлем түрінің сөйлеу/сөйлесуге қатысты өрбитінін басты нысанда ұстаған: «Это основное побудительное значение в зависимости от ситуации и условии общения распадается на более частные значения, конкретный вид которых определяется в основном следующими тремя моментами акта общения: 1) отношением между говорящим и адресатом; 2) отношением говорящего к действию и 3) отношением адресата к действию, которое учитывается говорящим»[11]. Сөйлеу актісіндегі үш жақты қарым-қатынасты Л.Дүйсембекова да көрсетеді. Еңбек бұйрық райға қатысты болғанымен, ғалым сөйлеу/сөйлесудің өлшемдерін айтушы-тыңдаушы-орындаушы деп білдірген. «Алдымен бұйрық беріледі, мұны бірінші саты деп қарауға болады. Бұл жерде бұйрықты беруші кім деген мәселе сөз болады. Одан кейін бұйрықты қабылдап алады немесе тыңдайды. Бұл екінші саты. Бұл жерде бұйрықты тыңдаушы кім деген мәселе сөз болады. Үшінші сатыда бұйрықты орындауға тиісті адам тұрады. Бұл жерде бұйрықты орындауға тиіс адамды анықтауымыз керек» — дейді автор[12].

Мысалдармен дәлелдеген қос автордың зерттеулері психологиялық нысана сөйлеудің айту-есту-ұғыну өлшемдерін тілдік сөйлем бірліктерімен ұштастыра бергендігін баса айтқымыз келеді. Және бұл өлшемдер тілдің тек бұйрықты сөйлемі арқылы көрінбейді. Жоғарыда талданған хабарлы сөйлемдердің де, сұраулы сөйлемдердің де осы өлшемдерге жауап беретіні сөзсіз. Бұған баса көңіл аударсақ, айтушы-тыңдаушы-орындаушы жақтың тілде көрініс беруі автордың хабарлауымен, кейіпкердің сұрауымен, бөгде біреудің талап-тілегімен байланысты. Ал олар тілде хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлем деген аталыммен белгіленеді және олардың жасалу жолдарына сүйеніледі. «Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің мазмұны эмоциялық мағынада ұласып та, ұласпай да айқындалады. Алдыңғы жағдайда олармен әрі баяндау, әрі қосымша бір айтушы эмоциясы беріліп отырады. Демек, сөйлеу ерекшелігіне қарай мақсат мәнді сөйлем типтері үстеме мәнді лепті сөйлем ретінде де жұмсалады» — дейді О.Төлегенов[13].

Ғалым сонымен бірге қалыптасу тәсіл-тұлғасы жағынан бірдей болып келетін бұйрықты мен лепті сөйлемдер арасына тепе-теңдік белгісін қоймайды. Бұл дұрыс та, себебі бұйрықты сөйлем сөйлемнің айтылу мақсатына қатысты болады да, лепті сөйлем айтушының көңіл-күй ерекшелігіне байланысты пайда болады. Екінші жағынан, көңіл-күйге қатысты баяндау тек бұйрықты сөйлемде ғана емес, хабарлы, сұраулы сөйлемдердің ішкі мазмұнына қатысты өрбиді. Түрлі эмоционалды-экспрессивті қасиетті білдіретін одағай сөздер, арнаулы модаль сөздерді хабарлау, сұрау мағынасындағы сөйлемдерде болмайды деген қателікке ұрындырады. Қараңыз: Баян – жердің шұрайы (Ж.Аймауытов) сөйлеміне ерекше қарқын беріп, Шіркін, Баян – жердің шұрайы ғой десек те, мағыналық түр хабарлау бұзылып кетпейді. Болмаса Ақбала-ай, айналайын-ай, ақылшы болуға қандай жақсысың? (Ғ. Мүсірепов) деген сұраулы сөйлемінде -ай демеулігі арқылы берілген сезімді (сүйсіну) контекстен шығарып, лепсіз сөйлем құруға да болады. Олай болса, лепті және лепсіз сөйлем түрлері айтылу мақсатындағы сөйлем түрлерінің қай-қайсысында да болады. Екінші жағынан, бұлар да сөйлеу актісі кезінде жұмсалады да, мағынасы, қолданылу жиілігі мен қызметі жағынан тең дәрежеде сипатталады.

Сөйлеу актісіндегі келесі бір бірлік – интонация. Жоғарыдағы сөйлем түрлерін ажыратуға қатысты интонацияның ролі аса зор. Интонацияның негізгі бірліктері қатарына әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембрді жатқызып, жіті зерттеу жүргізген З.Базарбаева олардың «Сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда, яғни олардың айтылу мақсатына қарай бөлінуінде үлкен қызмет атқаратынын» атап көрсетеді[14]. Бірақ интонация ерекшелігінен белгіленетін сөйлем түрлеріне теңдестік дәрежені қоя алмаймыз. Бұл жерде хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерде болатын әуеннің көтеріліп-басылу қасиеттерін еске алып отырмыз. Мәселен, хабарлы сөйлемдегі мұндай қасиет соншама аз да, сұраулы сөйлемде қарқынды. Ал аталған сөйлем түрлерінің қолданылу аясы жағынан бірі-бірінен кемдік дәрежеде деп айтуға тағы болмайды. Онда ол теңдестік дәрежеге біршама жақындайды да. Оның үстіне интонация қатысымынан хабарлы сөйлемнің сүраулы сөйлемге ауысуы жиі кездесіп отырады.

Құрмалас сөйлемнің қай түрі болмасын, тіл-тілдегі жай сөйлемдердегідей жіктеуге түседі. Оларды бір-бірінен ажыратуға көмегі болмайтын жіктеліс сол, «Сөйлемді айтқанда оны қандай үнмен, қандай сөзбен айтқанымызға қарай да топтастыруға болады»[15]. Қ.Жұбанов пікірін мысалдық деректерге сүйеніп берсек, оның салалас байланыстағы сөйлемдер ішінде ең көп кездесетіні хабар сазды түр екен. Сұрау және бұйыру сазды түрі әдеттегіден сирек. Бірақ сөйлеушінің мақсатын білдіруде бұлар да басты құрал болып саналады. Сөйлеудің тілдегі көрінісі – сөйлем. Ал сөйлем, жоғарыдағы талдаулардан байқалғанындай, мағыналық топталуы мен атқаратын қызметіне сай түрленіп келіп отырады. Және олардың тең дәрежелік қызметте тұруы да бар, бірінің орнына бірінің жұмсалуы да бар. Бұл олардың өзара паратаксистік қызмет белгілерін білдіре алады.

Тіл білімі мен логика ілімінің тығыз байланыстағы ғылымдар шоғыры екенін ғалымдар ертеде-ақ байқаған. Қазіргі күні оларды аңғартудың нақты белгі-өлшемдерін де тауып алғанбыз. Логикадағы ұғым мен байымдау тілдегі сөз бен сөйлемге ыңғайластырылып отырады. Әрине, бұларды бір-бірімен тепе-тең деп түсінуге бола қоймайды. Мәселен, кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркесімімен (күрделі сөз, оның түрлері және тұрақты тіркес) берілуінде танылады. Сонымен қатар тұлғасы бірдей сөздердің түрлі ұғымдарды белгілеп тұратын кездері де бар. Тілдегі омоним сөздерді осы қатарға жатқызуға болады. Болмаса сөз жеке затты ғана емес, біртектес заттардың тобын да атайды. Мәселен, кітап сөзі белгілі бір кітаптың ғана аты емес, сонымен бірге жалпы кітап атаулының атауы ретінде де жұмсалады. Осыдан барып сөздің жалпылаушы қызметіне көңіл бөлінеді. Мұндай жалпы, ортақ белгі ұғымға да тән. Сондықтан да «Ұғым дегеніміз – нәрселер тобының бәріне ортақ жалпы белгілерін бейнелендіретін ой», ал «Сөз – ұғымның тілдік қабығы» — деп саналады[16]. Ұғым көлем қатынастары тұрғысынан тепе-тең болып та сипатталады. Тепе-тең қатынасты бағыныштылық қатынаспен салыстыра қарағанда айқынырақ сезіледі. «Бағыныштылық қатынаста жалпылығы кемірек бір ұғым жалпылығы кеңірек екінші ұғымның көлеміне кіреді», ал тепе-теңдік қатынаста «…бір ұғымның көлемі екінші ұғымның көлеміне толық үйлес келеді»[17].

 

Бағыныштылық қатынас              Тепе-теңдік   қатынас

 

 

 

Шеңберден байқағанымыздай, көлемі кең ұғым (қағаз) көлемі тар ұғымды немесе ұғымдарды (кітап, дәптер) ішіне алып тұрады. Демек, кітап/дәптер сынды бұйымдардың шығу тегі, түбі қағаз екендігі ескеріледі. Ал тепе-теңдік қатынаста мұндай бағыныштылық жоқ. Әр түрлі сөз немесе сөздер тіркесімімен берілетін ұғым бір ғана нәрсені ойға түсіреді: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті = Н.Ә. Назарбаев; Ұлы Отан соғысы = II дүниежүзілік соғыс = 1941-45 жыл. Мұнда қай сөз тіркесімдерін айтсаң да, ойға түсетіні бір ғана белгі – сол ұғымдарды білдірудегі нәтиже.

Сөз арқылы сәулеленетін ұғымның оң және теріс болып келетінін де теңдестік дәрежеде қабылдаған жөн. Әрине, мұнда ұғымның бірінің орнына екіншісі қызмет атқармайды, бірақ бір-біріне қайшылық мәнде тұруы арқылы қатарласа алады. Мәселен, түбір күйіндегі бар/жок, сөздерінің, түбір+қосымша күйіндегі білімді/білімсіз тұлғаларының, бірінің түбір күйінде (кел), енді бірінің қосымша немесе көмекшілердің үстемеленуі арқылы (келме/келген емес) болатын ұғымдардың бірде оң дәрежеде, бірде теріс дәрежеде сипатталатынын байқауға болады. Сонымен қатар, бірқатар ұғымдар тек оң дәрежеде (оқымысты, бірақ оқымыссыз деп айтылмайды) немесе тек теріс дәрежеде (бейқам/қамсыз; беймаза/мазасыз, бірақ оң дәрежесін білдіретін тұлғада келмейді) келе береді. Сол сияқты тұлғасы жағынан оң болып келетін жауыз/жауыздық          сөздері теріс ұғымды білдіреді де, тұлғасы жағынан теріс болып келетін тәуелсіз сөзі оң ұғымды білдіріп отыратынын ескеру керек.

Жеке сөздің байымдауды білдіретін кездері де бар. Оны ғалым Р.Әміров: «Сөйлемнің жеке сөзден немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатыны бар: Жаз. Сүттен жарық түн. Бұл аталғандар – сөйлем. Өйткені олар сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып тұр. Сол арқылы осы лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді» — деп нақты түсіндіреді[18]. Мұндай тұжырым орыс тіл білімінен де байқалады: «Слова и словосочетания отличается от предложения тем, что в них нет ни утверждения, ни отрицания. Но если мы скажем дом отца, то пауза между словами, утвердительная интонация будут устаналивать уже другие отношения слов и будут выражать целостную мысль, а не только называть явления, предметы, вещи в их связи»[19].

Сөйлемге келу логиканың екінші бір категориясы байымдауды талдауға әкеледі. Логикалық байымдау субъект-предикат-байланыс нәтижесінде жарыққа шығады. Оның тілдегі көрінісі – сөйлем. Сондықтан да «Пікір – қазіргі формальды логикада оның ақиқаттық (ақиқат, жалған) немесе модальдық (ықтимал, мүмкін, мүмкін емес, қажетті және т.б.) бағаларына байланысты қарастырылатын белгілі бір тілдің сөйлемі, — деп түсіндіреді философ ғалымдар. – Кез келген пікір оның мазмұны болып табылатын қайсыбір ойды білдіреді»[20]. Логикалық пікір мен грамматикалық сөйлем бірлігі, негізінен, хабарлы сөйлем түрінен байқалады. Оған жоғарыдағы сөйлеуге қатысты талданған сөйлемдердің хабарлау түрін мысал етуге болады. Оның әрқайсысында пікірдің екі ұғымнан, субъект (S) пен предикаттан (Р) тұратынын танимыз. «S нәрсенің өзін бейнелесе, Р нәрсенің белгілерін белгілейді. Сонымен бірге пікірде S термині мен Р терминін байланыстырушы сөз – логикалық байланыс болады»[21]. Мұның тілдегі сәулесі – бастауыш-баяндауыш-байланыс. Ал ол жайын, яғни субъект-предикат қатынасының көріну жайын, қазақ тілші ғалымдары танытудай танытты. Әрі ол сөйлем өлшемі ретінде қажет те болды. Екінші жағынан, олардың қандай тәсіл арқылы болатындығы да шешімін тапты. Н.Сауранбаев пікірінше, Ағаш-отын мысалында «…екі сөздің бірі бастауыш, бірі баяндауыш болып келгенде, екеуінің арасы тыныспен ажыратылып, әр сөз бір демнің екі ағысымен бөлініп айтылады. Осымен байланысты субъект, предикаттық қатынастың көріну, айтылу тәсілінің бірі – интонация» болып саналады. Сонымен қатар бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғауы арқылы байланысады. «Олай болса, жақтасу – субъект, предикаттық қатынастың көріну тәсілінің бірі деуімізге болады»[22]. Ағаш-отын мысалынан байқағанымыздай, субъект-бастауыш пен предикат-баяндауыш нақты көріністе де, байланыс дегеніміз ойда сақталады. Ал жақтасуда ол нақты көрінеді: Мен жаздым. S — мен; Р — жазу; байланыс — м. Демек, «Жақтық, жіктік, тәуелдік жалғаулары сөз бен сөзді, әсіресе, бастауыш пен баяндауышты байланыстыра жалғайтын дәнекерлер»[23].

Бастауыш-баяндауыштық қатынас – сөйлемнің құрылыстық (жай, құрмалас) және мақсаттық түрлеріне тән құбылыс. Онда, біріншіден, жай сөйлем бір ғана аталған қатынас түрінен, құрмалас сөйлем екі предикаттық ортаға бағынған қатынастан түзіледі. Екіншіден, сөйлемнің мақсаттық түрлерінің қай-қайсысы да пайымдаудың бірліктеріне тәуелді болады. Әдетте, пікір белгілі бір нәрселерді немесе олардың белгілеріне қатысты мәселелерді я қостайды, я жоққа шығарады. Мұндай құбылыс тілде болымды және болымсыз сөйлемдер арқылы түсіндіріледі. Хабардың шындық болмысқа қатысты саралануын көрсететін болымды, болымсыз сөйлем түрінің тілде қолданылу жағын да, атқарар қызметі мен берер мазмұн-мағынасы жағын да бірінен-бірі кем деп айта алмаймыз. Демек, бұлар бірінің орнын екіншісі баспаса да, бірі білдіретін қасиетті екіншісі де көтере алады. Бұл сөйлем түрлерінің, кең көлемде алғанда болымдылық-болымсыздық категорияларының, тілдің бар деңгейіне қатысты өрбитіндігі Т.Әбдіғалиева зерттеуінде шешімін тапты[24]. Ғалым еңбегінің үшінші, төртінші тарауы пікірді білдіретін сөйлем түрлеріне (жай, құрмалас) арналған. Мұны ғалымның «Қазақ тіліндегі екі құрамды жай хабарлы сөйлемдердің құрылымдық-мағыналық мәні болымдылық-болымсыздық категорияның мәніне сай келеді» және «Адам санасынан орын алған болымды, болымсыз түсінік, пайымдау, ой түйіні кем дегенде екі предикативтік түйіннен құрылған құрмалас сөйлем мазмұнына да қатысты» дегенінен анық байқауға болады.

Пікір я қостау, я жоққа шығаруға қатысты өрбиді десек, хабарлы сөйлемнен басқа түрлердің (сұраулы, бұйрықты) ерекшелігі қалай болмақ? Бұл мәселе нақты шешімін таппағанымен, ондай сөйлем түрлерінде логикалық қостау, болмаса жоққа шығару көрініс тауып отырды. Мәселен, оспадар қылық істеген балаға: Осылай жасауға бола ма? сынды сұрақ-зекудің астарында Олай істеуге болмайтыны туралы жоққа шығару ойы жатыр. Бұл да пікірді білдірудің бір жолы болса керек. Бұл мәселеде О.Жармақиннің бұйрықты сөйлемге қатысты пікірі де орынды: «…Побуждение следует рассматривать как разновидность суждения, обладающую всеми его общественными признаками, а именно: предметном характером, связью с действительностью, способностью наладить свое выражение в форме предложения, соотнесенностью субъекта и предиката. Это, значит, что одна и та же логическая форма мышления лежит в повествовательном, вопросительном и побудительном предложении. Следовательно, побудительное предложение выражает суждение (в широком смысле этого термина)»[25].

Демек, мақсаттық сөйлем түрлерінің пікірді білдірудегі қызметі әрқилы. Хабарлы сөйлем тек осы тұрғыда құрылса, сұраулы сөйлемнің риторикалық түрінде қостау мен жоққа шығарудың қатысы сезіледі. Сұраулы сөйлемнің басқа түрлері мен бұйрықты сөйлемдердің негізгі міндеті хабар алуға итермелеу және біреудің бұйыруын, өктемдік әрекетін білдіретіндіктен пікірді бере алмайды деп саналады. Бірақ оның өзі шартты, жете зерттемеуден шыққан ой болса керек. Әйтпегенде Серік жиналысқа шақырылды ма? іспетті сұраулы сөйлемнің астарында Серіктің жиналысқа шақырылуы тиіс сынды пікірдің жасырын тұрғаны анық. Сол сияқты пікір белгісін, яғни қостауды немесе жоққа шығаруды бұйрықты сөйлем құрылысынан да табуға болады. Қараңыз: Отын-су ерте қамдалсын!Отын-судың ерте қамдалғаны жөн. Қымыз! Қымыз кешікпесін! = Қымыздың кешіккені ұят болады сынды пікірлердің болуы әбден мүмкін. Сонымен, логикалық байымдаудың субъект-предикат бірліктері сөйлемнің құрылымынан орын алып отырады. Бірақ пікірдің құрамындағы қостау мен терістеу сөйлемнің барлық мағыналық топтарынан жоғары дәрежеде көріне бермейді. Хабарлы сөйлемдегі пікір нақтылығын сұраулы, бұйрықты сөйлемнен астарлы ой арқылы берілуінен ғана білеміз.

Тілдің теориялық мәселелерін жете түсінуде жоғарыда талданған сөйлеу мен ойлаудың, ғылыми тұрғыда айтқанда, психология мен логиканың және тіл білімінің тығыз байланыстылығының орны ерекше. Және бұл үшеуінің «…табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашатын, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастыратын» философия ілімінің жекелеген тармақтары екені тағы бар[26]. Осыдан да болса керек, «Тілдің философиясы философия ғылымының бір саласы болып саналады»[27]. Тіл мен философия ілімінің өзара жақындығын олардың ішкі бірліктері болып табылатын мазмұн мен түр, бүтін мен бөлік, себеп пен салдар, жалпылық пен жекелік сынды категориялар көрсете алады. Философия мен тіл білімінде жан-жақты қарастырылған бұл категориялардың сыртында тепе-теңдіктің де өзіндік орны бар.

Философия ілімі: «Тепе-теңдік – заттың, құбылыстың өзара біркелкі, тең дәрежелі болуын немесе бірнеше заттың деңгейлес екендігін өрнектейтін категория» — деп түсіндіреді[28]. Тіл білімі ғылымы тең дәрежелікті белгілі бір тілдік бірліктің арасына салады да, оны салалас байланыс, салаластық қатынас деп түсіндіреді. «Сочинение – отношение между словами в предложении, а также между предикативными частями сложного предложения, которое выражается в синтаксическом равноправии соотносительных элементов: отношение между ними обратимы, показатель отношении находится между ними, не сливаясь по значению ни с одним из них»[29]. Бұған бақсақ, жеке сөйлем ішіндегі сөздер мен сөйлемдік сыңарлардың өзара теңдестігі сөз болады, басқа жағы ескерілмей қалады. Бұлай болғанда, еңбекте тек қана синтаксистік паратаксис қаралатын еді. Бірақ біздің байқауымызда, тең дәрежелік қатынастағы бірліктер тілдің басқа салаларына да тән. Әрине, мұнымен қатар бір ғана бірлік ішіндегі теңдес бөлшектерді де қарастыратын боламыз. Сондықган да мұның бірінші жолына бірінің орнына екіншісі қолданыла алатын, философиялық сөздікке сүйеніп айтсақ, «А және Ә заттары, егер олар бір-бірінен ажыратуға болмайтын қасиеттері (және қатынастары) арқылы тең дәрежеде сипатталса, яғни А-ны сипаттайтын барлық қасиеттер Ә-ні де сипаттаса және керісінше (Лейбниц заңы) болса, онда оларды тепе-тең заттар деп атауға» болатын тілдік бірліктер тартылады. Мұндай тілдік бірліктер тіл білімінің морфология, барынша синтаксис саласында, ішінара фонетика, лексика саласында кездеседі.

Ал екінші жолға, белгілі бір тілдік бірлік ішіндегі бөлшектерді ауыстырғаннан жалпы мағынаға нұқсан келмейтін, яғни өз ішінде тепе-тең дәрежеде тұратындай бірліктер тартылады. Бұл философиялық сөздік түсіндіруіндегі ерекшелікке жауап береді: «Алайда материалдық болмыс үнемі өзгеріп отыратындықтан, өзара мүлде тепе-тең болатын заттар (тіпті олардың ең басты, негізгі қасиеттері болған күнде де) кездеспейді. Тепе-тендік абстракциялық емес, нақты, яғни оның ішкі айырмашылықтары, қайшылықтары болады, даму процесінде белгілі бір жағдайға байланысты өзін-өзі үнемі ауыстырып (Астын сызған — біз) отырады». Екінші жолдағы ерекшеліктер де тілдің негізгі салаларынан алшақтап кетпейді. Мұндай қасиеттің фразеология, ішінара лексика салаларында, әсіресе синтаксистік құрылыста кең өріс алатынын байқадық.

«Сочинение и подчинение – это исторически возникшие два главных типа отношении между словами и предложениями в синтаксической структуре языка» деп бастаған Б.Н.Головин бұл екі тілдік құбылыстың бағынышты және тең дәрежелік қатынаста тұруымен ерекшеленетінін ғана көрсетпейді. Ғалым пікірінше, салалаластық қатынаста болсын, бағыныңқылық қатынаста болсын тілдік бірліктер бір-біріне бағынышты. – «Но в одних случаях зависимость равноправна, т.е. нет грамматического господства и грамматического подчинения; … в других же случаях зависимость неравноправна, т.е. одно слово (предложение) грамматически господствует над другим»[30]. Бұл тең дәрежелік қатынастың тілдегі көрінісін беруге жол сілтесе керек. Ең бастысы, кең көлемде алғанда кез келген тілдік бірлік (буын, сөз, сөз тіркесімдері, сөйлем) өз ішінде, яғни буын мен буын, сөз бен сөз т.б. тең дәрежеде тұра алады. Мұндай жағдайда ол тілдік бірлік бір ғана тілдің саласында тілдің белгілі бір зандылығымен сипатталуы мүмкін. Салалас байланыстағы сөздер бір-бірімен тең дәрежеде тұрғандықтан, сөз тіркесінің объектісіне кіре алмайды. Сол сияқты буын мен буынның, сөз бен сөздің бір-біріне бағынышты болмайтыны да оларды салыстыра беруде байқалады. Екінші жағынан, тең дәрежелік қатынас тілдік бірліктердің паратаксистік қатынасы арқылы шешіледі. Ондайда бірбүтін болып танылған тілдік бірлік өз ішіндегі жеке құрылымдарының орын ауысуына жол береді. Бірақ ондайда бірбүтін мағынаның бұзылуын қаламайды. Бұл қатарға салалас құрмалас сыңарларының орнын алмасуға көнетін түрлерін, сол сияқты қос сөз бен фразеологиялық құрылымдардың ішіндегі ауыс-түйістерді жатқызуға болады. Сонда, біртұтас тілдік құбылыс ретіндегі паратаксис дегеніміз әдеттегі айтылып жүрген байланыс ұғымын ғана бермейді. Әрине, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің тең дәрежелік байланысы мұнда толық сақталады. Негізгі бөліктердің тең дәрежеде тұрып, аналитикалық амал- тәсілдердің көмегімен байланысу ерекшелігі күрделі сөз топтарында да, лексикалық бірлік фразеологияда да бар. Паратаксистік қызмет сонымен қатар дыбыс жүйесіне де тән. Бірақ онда тілдің басқа қабаттарындағыдай байланыстыру, яғни екі негізгі бөлікті салғастыру емес, соның амалы іспетті жұмсалатын дыбыстық алмасу бар. Мұндай алмасу жалпы сөздің мағынасына нұқсан келтірмейтіндігімен паратаксистікке ене алады. Орын ауыстырудан мағына өзгермеу ерекшелігі жай сөйлем құрамындағы оқшау сөздердің қатысымынан да көрінеді. Бірақ онда негізгі құрылымға енетін тілдік бірліктер синтаксистік байланысуға көнбейді. Өйткені жай сөйлемдік құрылымдардың оқшау құрылымдармен мағыналық байланыста ғана тұратыны белгілі.

Сонымен, ғылыми еңбекте тепе-теңдік дәреже синтаксистік байланыс түрі ретінде танылған паратаксиспен ұштастырылып қарастырылады. Сонымен қатар ол тепе-теңдіктің ішкі кіші бірлігі ретінде де жұмсалады. Бірінші жағдайда бұл тұлғаға қатысты емес, ал екінші жағдайда тұлғаланудың тиянақтылығын қамтиды. Ал тең дәрежелік қатынас дегенді бірден тілдік деңгейдегі ауқымда алып қарастыру киын. Өйткені оның мұндай дәрежедегі сипатын, басқа ғылымдағы танымын ұғынбай, жалаң түрде ашып бере алмас едік. Тең дәрежелік қатынасты адамзат түйсігінде жинақталған түйінде ғана көз алдымызға елестетіп, санамызға дерексіз түрде (абстрактілі) қабылдап сіңіре аламыз, сөйтіп басқаларға жеткізе аламыз. Ал тілдегі тепе-теңдік көрінісі сонан соң ғана санада, түйсікте жалпы жинақталған теңдік қатынасымен шешімін тауып, өзінің орнын ала алады. Оған, алдымен, философиялық тұрғыдан келе аламыз. Философия дегеніміз – ой, ұғым, тіл, таным, сана, дін, т.б. Осылардың қосындысынан логика (қисын), ең ақыры жан-дүние (психология) туындап, одан соң адамзаттың өзін өзі ұстап тұратын мінез-қүлқы ашылады. Бұлардан соң философия түрі пайда болады.

Міне, осы арада кері үрдіс жүреді. Алдыңғы қабылданған басқа саладағы тепе-теңдіктер енді тіл арқылы кері шығып, тілдегі бірлікпен танылады, танытылады. Сонда, жалпы тең дәрежелік қатынас – әлем тепе-теңдігі, сәйкестігі, үйлесімділігі. Әр ғылымда оны анықтайтын түрліше өзіндік бірлік-өлшемдер бар. Философияда ол қарама-қайшылық, сәйкестік, т.б. бірліктерімен; логикада оң ойдан теріс пікір туындау немесе астарлылық арқылы; математикада есептеу теңдеулерімен, дәлдікпен өзіндік өлшемдерін белгілесе, тілде, әсіресе, ғылыми тілде, осылардың бәрі паратаксис қызмет арқылы көрініс тауып, танылады. Тілдегі тепе-тендік дәреже дегеніміз ғаламдағы, ғылымдағы теңдіктің тілдегі салаласа байланысы, жалпы тепе-теңдік бірліктерінің тіл арқылы көрініс табуы болып табылады. Салаласу, яғни паратаксистік қызмет, тілдегі тең дәрежелікті айқындап беретіндіктен, тілімізде еркіндік бар, еркін ойлау, тәуелсіз ұғыну, байымдау, сөйлеу бар. Егер ол болмаса, тіліміздің кеңістіктегі іс-әрекет, жалпы адамзаттық қарым-қатынас байлаулы (түйіндеулі) жатар еді. Осыдан өмір айналымы шығады.

 

Паратаксистің лексика-фонетикалық әлеуеті

 

 

Дыбыс жүйесіндегі байланыс түрлеріне қатысты ерекшеліктер

 

Тілдегі дыбыстардың синтаксистік қызмет атқаратынын Қ.Жұбанов ойдан қалыс қалдырмайды. «Фонетика – морфологияға да, синтаксиске де, лексикаға да, үшеуіне де керек — дейді ғалым. – Бара мен алмады сөздерінің жапсарын жаба айтсақ, «қолынан келмеді» мағынасында; аша айтсақ, басқа мағынада, мұнда екі сөздің байланысына қызмет қылып тұр, яғни синтаксис қызметін атқарады; «бара алмады» деген тіркестің сөйлемнің бір мүшесі не екі мүшесі екендігі а-дан білініп тұр»[31]. Дыбыстардың мұндай қызметінің ескерілмегені кейінгі уақытта да болып отырды. Бірақ олардың синтаксистегі рөлін кемсітудің еш орны жоқ. Мәселен, Т.Сайрамбаевтың көсемшенің -е, -й, -іп жүрнақтарының да сөз бен сөзді байланыстыра алатынын тілге тиек етуі осы олқылықтың орнын толтыра алады. Шындығында да, «…етпеттей жығылдым, жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестеріндегі әрбір сыңары бір-бірімен көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысып тұр»[32].

Дыбыстардың байланыстырушылық қызметін көрсету басқа түркі тіл білімінде де болды. Мәселен, А.Ж.Будаев қолына алып/кғолуна алып/взяв в руки және барып еді/бара әди [он]шел мысалдарынан алғашқы сөздің соңғы дыбыстарын контекстен шығарып айтуға да болады деп есептейді. Бірақ ондайда «Полученные нами значения этих сочетаний ничего общего не имеют с тем, что должно было быть, т.е. вместо «взяв в руки», мы получили «взяв в руку», вместо «[он] шел» «было». Следовательно, выпадение гласных, если оно нарушает содержание сочетания, недопустимо»[33]. Мұндай тілдік дыбыстар (буындар) арасындағы әуезділік, үйлесімділіктің синтаксистегі бағынушы, бағындырушы сияқты қызметте болатындығы І.Кеңесбаев тарапынан да айтылып қалды. «При комбинаторных изменениях один звук зависит от другого, один звук подчиняется другому. Поэтому подобные изменения звуков можно назвать подчиненными (зависимыми) изменениями» деген ғалым түсіндірмесінен синтаксистік байланысқа жақын теореманы байқауға болады[34].

Орыс тілінде екпін кейбір жерлерде сөздер арасындагы грамматикалық байланысты білдіре алады деген пікір кездеседі. «Так, в русском языке руки – это множественное число именительного падежа от слова рука, тогда как рука – это единственное число родительного падежа от того же слова. Следовательно, грамматическая категория числа грамматическая категория падежа переданы здесь при помощи ударения (руки – руки)» — дейді Р.А.Будагов[35]. Бұл жердегі негізгі мақсат фонетикалық бірліктің (екпін) байланыстырушылық қызметін көрсету ғана. Ал оның қазақ (түркі) тіл білімі үшін айтарлықтай тигізер ықпалы болмауы да мүмкін. Қала берді, қазақ тіліндегі екпіннің қандай дәрежеде жұмсалатынымен де санасуымыз керек[36]. Оның үстіне орыс тіліндегі екпін сөздің мағынасын ажырату үшін де қолданылады. Бұл тұрғыдан екпін салаласудан барынша алшақтайды. Екпіннің кей уақытта сөз тұлғасын ажыратудың, сөз мағынасына әсер етудің қазақ тілінде де бар екенін Ж.Аралбаев жоққа шығармайды. Сонымен қатар ғалым екпін мен сингармонизмнің матастырушылық, яғни синтаксистік қызметін де алға тартады: «Сөздегі агглюнативтік элементтерді тарқатпай матастырып тұратын фонетикалық категорияның бірі – екпін. Екіншісі – сингармонизм. Қазақ тілінде екпін мен сингармонизм сөз шегін айқындап, фонетикалық жағынан сөзді жасайды»[37]. Бақсақ, дыбыс жүйесіндегі байланыстырушылық жайы із-түзсіз жоғалып кетпеген. Тек оларды байланыстырушы, яки синтаксистік қызмет деп таныту болған жоқ. Қалай болғанда да, дыбыстардың байланыстырушылық қызметін жоққа шығару емес, қайта олардың қандай байланыстыру амалына жақындайтынын аша көрсеткен жөн. Әрине, олардың байланыстыруымен барлық мәселе шешіле де қалмайды, тіпті ол – синтаксистің мәселесі. Ал дыбыс үйлесіміндегі жақындықтар оларға басқа тұрғыда қарастыруды қажет ететін сияқты.

Орыс тіл білімінің дыбыс жүйесінде де дыбыстардың байланыстыру қызметі ойдан тыс қалмаған. В.В.Иванов пікіріне сүйенсек, «…звуковые единицы служат для образования других языковых единиц, как грамматических, так и лексических, имеющих свою семантику слов и составляющих их морфем, словосочетании и предложений»[38]. Ал Л.В.Бондарко орыс тілінің дыбыстық құрылымын эксперименттік тексерулерге сүйеніп таныстырады. Сондықтан да айту (микрофон) және көру (осциллограф, спектрограф) приборларын пайдаланып, дыбыстың, буынның айтылудағы сұлбаларын экраннан көрсетіп отырған. Мұндай эксперимент сөйлеу мүшелерінің қызметін, қай дыбыстың айтылуында болсын, барынша танытқан. Ғалым еңбегінен көңіл аударған нәрсе, дыбыс тіркесімдеріндегі ерекшелік. Бұл екінші жағынан буынның құрылымына да алып келеді. Бірақ дауысты мен дауыстының тіркесі түркі тілдеріндегі кіші бірліктердің (буын, сөз) көрінісін бере алмайды. Сондықтан да ғалымның дауысты дыбыстардың ДДз, ДД дыбыстарымен тіркесімде келетінін көрсетуін орыс тілі үшін аса қажет болса да, түркі тілдерінде, оның іщінде қазақ тілінде қабылдана бермейді. Сол сияқты дауыссыз дьібыстардың ДзД; ДзДз дыбыстарымен тіркесуіне де сақтықпен қараймыз. Дегенмен мұндай дыбыстық тіркесімдердің қазақ тілінде түбір мен қосымша жігінде, сөз бен сөз аралығында кездесуін де жоққа шығаруға болмайды[39]. Солай бола тұра, Л.В.Бондарконың дыбыс тіркесімдеріндегі бағынушылық пен тең дәрежелікті қозғағанын толықтай қабылдаған жөн. Ғалым Дз+Д мен Д+Дз дыбыс тіркесімдерін салыстыра келіп, «…между этими типами сочетаний имеется большая разница: согласный в сочетании СГ больше зависит от качества гласного, а гласный – от качества согласного. В сочетании ГС и гласный и согласный более независисмы друг от друга» — дейді[40].

1988 жылы өңделіп, екінші рет жарыққа шыққан «Қазіргі орыс әдеби тілі» оқулығындағы фонетика бөлімін жазған А.В.Филипов алмасуында мағынаға әсер етпейтін, бірақ ауысуға түскен дыбыстардың бар екенін айта кетеді. Әсіресе, ғалымның мына бір пікірі дыбыстық паратаксистің көрінісі іспетті: «Если какие-то звуки не способствуют различению смысла слов (или их невозможно поставить в одну позицию в слово, как например, [к] нелабиализованный и [к] лабиализованный, или, заменяя друг друга, они оставляют знак одним и тем же по значению, например звуки [г] и [х]: гарь — [х]аръ, наганна[х]ан, то они относятся не к разным фонемам, а к одной и той же фонеме как ее разновидности»[41]. Мысалдарда дыбыс алмасулары жоқ, қайта, ғалым орын ауысуда сөз мағынасына әсері жоқ ерекшеліктерді сөз еткен. Ал дыбыс алмасуларына ногъ-ноктъ, могь-могтъ сөздеріндегі ерекшелікті жатқызған.

Жалпы, дыбыс алмасуларын екі бағытта түсіну керек сияқты. Бұл  жайын орыс грамматистері ашып-ақ көрсеткен. I960 жылы шыққан грамматикада дыбыс алмасу екі түрлі болады делінген. Біріншісі – фонетикалық алмасу, яғни белгілі бір фонетикалық заңдылықтар нәтижесінде (ассимиляция) болатын құбылыс та, екіншісі – тарихи алмасу. «К типу исторических чередований относятся такие чередования фонем, которые не зависят от живых фонетических норм современного языка, но в какой-то более ранний период его развития было фонетически обусловлены»[42]. Мұндай тұжырымның да біздің талдауымызда пайдаға асқандығын ескертеміз. Бұл  мәселенің екінші жағы бар. М.Н.Матусевич пікірінше, «Оттенки фонем друг другу не противопоставлены, а вся группа оттенков, т.е. фонема, противопоставлена остальным фонемам (гласным и согласным)» дегеніне қарап[43], паратаксиске келудің жолы қарама-қарсылық екенін байқаған орынды. Аздаған шолу қазақ тіл біліміндегі дыбыс жүйесінің өзгеше бір ерекшелігін ашуға көмектеседі деп санаймыз.

«Тіл — адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» деп білген А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқулығын балаларға «Сөз бен сөздің буынын айыру, қазақ тіліндегі дыбыстар һәм оларға арналған харіфтерден» үйретуден басталуын қадағалаған. Себебі ол: «Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса анықтап нық үйрету абзал» деп түсінген[44]. Бұдан дыбыс жүйесінде қаралатын мәселелер қатарында буын мен дыбыстың рөлі ерекше деп бағалаймыз. Ал Қ.Жұбанов бұл мәселеге тіпті тың пікірлермен келді. Фонетиканың зерттеу объектісіне дыбыстар жүйесінің жататындығы белгілі. Бірақ қандай дыбыстар? Әдетте, тілдік дыбыстар деп жауап береміз. Солай бола тұра, дыбыстау мүшелері арқылы пайда болатын дыбыстардың қатарында ысқыру, таңдай қағу, ерін жымдасуындағы түрлі дыбыстар шығарудың болатынын ескере де бермейміз. Ал мұны Қ.Жұбанов әлдеқайда дұрыс шешкен. Ғалым пікірінше, «Фонетика тілдің дыбысты пайдалану техникасын қарайды»[45].

Қ.Жұбанов дыбыс пен фонеманың өзіндік белгілерін де ашып берді. Ол: «Фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарайды (бал, бас). Демек, фонема – бұйым». Осы жағын ескергенде тілдегі дыбыстардың барлығы бұйымға жарай бермейтінін байқаймыз. Бірақ бұл ондай қасиеті жоқ дыбыстарды тілден ысырып тастау деген сөз емес. Мәселен, қазіргі қазақ тілінде қ, х, һ әріптері бар және жекелеген дыбыстық қасиетін де жоймаған, қайта орныға бастаған. Әйтпегенде олардың іске жараудағы қызметі бірдей деп айта қоюға болмайды. Қ әрпінің қолданылу, пайдалану жиілігі – жоғары, ол сөздің басында да, ортасы мен аяғында да келе береді. Ал х әрпімен 1978 жылғы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» берілген сөздердің сан-шамасы – 226. Бірақ осының қазақ тілінде қолданылатын сөздері, сөзжасамдық тәсілдерсіз, яғни түбір түйінде берілгені – 25-30. Әрі мұның сөз басында келетіндігі тағы бар. Ал һ әрпінен басталатын бірде-бір сөз жоқ. Бұл әріптің одағай сөздердің ортасы және бірен-саран кірме сөздерде кездесетіндігі болмаса, мүлдем санға алғысыз. Демек, бұл дыбыстар сан жағынан, сонымен бірге тілдегі атқаратын қызметі жағынан тең емес. Бірақ олар жасалу жолы жағынан бір-біріне жуықтайды, тіпті тең келетіндері де бар: һ – көмей дыбысы да, қ, х – тіл арты дыбыстары, әрі үшеуі де қатаң. Қ, х дыбыстарының сөз басында және бірбуынды сөздерде кездесу жиілігін танытқан Ә.Қайдаров пікірінше, «ОКО типа СГС с анлаутом [қ] относятся к наиболее многочисленным; они преимущественно отражают исконно казахскую корневую лексику», ал «Согласный [х] в данной позиции односложных корней и основ по всем своим фонологическим признакам показывает себя как неприсущая или нехарактерная звуковой системе казахского языка фонеме»[46].

Жоғарыдағыдай тұжырымдаулар, қайталап айтсақ, аталған дыбыстардың саны аз түрін дыбыстық жүйеден алшақтатуға әкелмейді. Сонымен қатар оларды бірінің орнына екіншісін пайдалану мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Оған тілде қолданыла беретін Қош келдіңіздерхош келдіңіздер; Қалың қалайхалің қалай тіркесімдері де дәлел бола алады. Біз өзіміздің тарапымыздан мұндай дыбыстардың алмасып қолданылуын дыбыстық салаласу деп атай аламыз. Оған ондай дыбыстардың айтылуындағы жақындық пен жалпы сөз мағынасына нұқсан келмейтіндігі себепші болды. Бұл тұжырым аталған дыбыстардың қатар келмеуімен тиянақтала түсетін сияқты. Мәселен, қ дыбысының қайталамалық қызмет атқаруы сөз бен сөз, сөз бен қосымша аралығында болғанымен, түбір ішінде келуін көрсететін пікір жоқ. Ал аталған дыбыстардың қатар келуі, яғни қх, қһ немесе керісінше тіркесімде болуы, мүлдем кездеспейді. Бұл да болса ол дыбыстардың салаласу ерекшелігіне әкелетін құбылыс.

Қ, х, һ дыбыстарының салаласу нәтижесінде алмасуға көнетіні олардың тарихи тұрғыдан тектес болгандығынан болса керек. «Тілдің өзі қандай көне болса, һ дауыссызы да соншалық көне. Бұл дыбыстың одағайлардың құрамында сақталуы осы пікірдің толық дәлелі. Одағайлар ең алғаш пайда болған сөздердің қатарына жатады. Екіншіден, а дауыстысының айтылуында қандай еркіндік болса, Һ дауыссызының айтылуында да сондай еркіндік болған. Бұл да оның байырғылығын көрсететін қасиет» — дейді Б.Сағындықұлы[47]. Ғалым һ дыбысының даму жолын кестелеп, оның қ одан х, ғ, к, г дыбыстарымен сәйкестігін алға тартады. Ал Ж.Аралбаев «Өзге түркі тілдерде айтылатын һ спиранты қазіргі қазақ тілінде бірде қатаңданып тіл арты қ-х дыбыстарына ауысса, бірде мүлде  түсіп қалып айтылатынын» көрсетеді[48]. Аталған дыбыстың басқа дыбысқа ауысуы салаласудың басты белгісі. Б.Сағындықұлының һ-қ-х-к-ғ-г дыбыстарының сәйкестігін алға тартуы біздің тақырыбымызға қатысты да өрбігендігін айтқымыз келеді. Себебі бұлар қазір өз алдына фонемалық мәні бар дыбыстар болып табылады. Тіпті, олардың қатысынан жасалған сөздердің мағынасы да бөлек. Бірақ түбі, архетипі бір. А.Ж.Будаевтің пікірінше де, фарингал һ мен жіңішке х’  тарихи тұрғыдан қ мен ғ дыбыстарынан бастау алады (исторический восходит к къ и гъ). «В настоящее время как Һ, так и х’, в карачаево-балкарском языке фонологического противопоставления не имеет. Следовательно, остается только констатировать наличие одной фонемы х с вариациями Һ и х»[49]. Бұл оларды салаласуға итермелеген тірек те болды.

Жалпы, һ дыбысының тілдегі соңғы үлгілері болып табылатын қ-х-к-ғ-г біріне-бірі реңктік мән де жамайды екен. Бұл да оны — саласуға итермелейтін факт. Себебі «Тепе-теңдік заңы – формальды логика заңы, оған сәйкес ойлану процесінде әрбір ақыл таразысына салынған пікір қандай да болмасын (ұғым, пікір) бір ғана мағынада пайдалануы тиіс»[50]. Бұл арада ұғым, пікір мағынасын дыбыс, фонема қолданысында жұмсалуын қалар едік. Онда аталған дыбыстар тепе-теңдік қызмет атқара ала ма деген мәселеге келейік, жақындата айтсақ, қ, ғ, к, г дыбыстарының реңктік ерекшелігіне келейік. Бұларды қазір бірінің орнына бірі жүретін дыбыстық салаласуға жатады дей алмаймыз. Десек те, бұл төрт дыбыстың орфографиялық сөздіктегі қолданылуының сандық, сапалық көрсеткіштеріне көңіл аудартқан С.Мырзабеков олардың тең дәрежелікке жақындау ерекшелігін де айтып кетеді. Ғалым: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» г әрпінен басталатын 421 сөз бар. Оның 361-і орыс тілі арқылы енген сөздер. Ал қалғандары (гауһар, гул, гу-гу, гуле сөздерінен басқалары) к әрпінде қайталанады» — дейді. Енді бірде к-нің қ-ға жақындайтынын, біздіңше салаласатынын да аңғартады: «Түбір мен қосымшаның сөз бен сөздің аралығында қатар келген кқ айтуда ққ болуға тиіс»[51]. Ал х дыбысының біздің тілімізге бертінде келіп қосылғанын білеміз. Бұл қазіргі күні ондай әрпі бар сөздің кезінде қазақтың төл дыбысы [қ] арқылы таңбаланғандығына тағы бір дәлел. «1940 жылы қазақ тілінің жаңа алфавиті мен орфография ережелері қабылданғанда, бірқатар сөздерде х әрпі жазылады деген ереже алынды да, содан бергі жазу практикамызда бұл сөздердің х арқылы таңбалануы үйреншікті болып, дәстүрге айналып кетті»[52]. Р.Сыздықованың х дыбысының тілдегі қолданылуына қатысты айтқанына қосарымыз жоқ.

Бәрімізге мәлім, морфемалардың құрамында дауысты/дауыссыз дыбыстар қатар тұра береді, нақты дыбыстық тіркесімге түсе береді. Ондайда дауысты мен ұяңның тіркесіміне (аға) қойылмайтын шектеу дауысты мен қатаңның (ата) тіркесіміне де қарата айтылмайды. Бірақ мұндай шектеуді морфемалар жігіндегі дыбыстарға келгенде қатаң сақтауды қажет етеміз. «Әсіресе, морфемалардың аралығында қатар келген дыбыстар (буындар) бір-біріне әсте немқұрайды қарай алмайды, олар акустика-артикуляциялық жақтан үнемі бір-біріне жуықтап, өзара үйлесіп, тіл табысып тұрады»[53]. Біз мұны да дыбыстық салаласу қатарына жатқыза алмаймыз. Өйткені бір-біріне үйлесіп, жуықтасып тұру сол қатар келген дыбыстардың әсерінен болып отырады. Ал салаласудың негізінде ондай қасиет жоқ. Демек, біріншіден, дыбыстардың бір-біріне әсері олардың қатарлас (бағынбай) жұмсалуы емес, екіншіден, онда жоғарыдағы айтылғандай дыбыстық сәйкесулер болмайды. Басқаша айтсақ, қ-ғ болып, к-г болып ұяңдауы сөзге реңктік мән жамап тұрған жоқ. Олай болса, сингармонизм морфология нысаны бола алмайтыны сияқты, салаласудың негізі де бола алмайды.

Дыбыстық салаласудың кездесетін жері бір болса дауысты дыбыстар арасында болса керек-ті. Ондай құбылыстағы сөздерді тану қазіргі жазба әдеби тілімізде жоқтың қасы. Бірақ біраз сөздердің айтылуы бойынша да, жазылуы сақталып та кездесетіндері болады. Әсіресе ол [а] дыбысының ж, ш дыбыстарын алдына алып, й дыбысын соңына ерткен сөздерде (жай, шай) және тілмар/тілмәр; тілмаш/тілмәш сынды сөздерде орын тепкен. І.Кеңесбаевқа сүйенсек, ш, ж, й дауыссыздарының а дыбысына а мен ә аралығында айтылуындай реңк беруі мен алдыңғы буындағы дауысты дыбыстың тіл алды болып келуі (Күләш, тілмар) әсер етеді[54]. Реңктік мәннің әсерін К.Уәлиев те жоққа шығармайды. Қайта, ғалым бұл сөздерде (жай, шай) негізгі реңк пен қосымша реңктің болатынын ескертіп, олардың дұрыс жазылуын шешеді. Екінші жағынан ол сөздердің дыбысталуына (жазылуына) қосымшалардың жалғану үрдісіне көңіл аудартады. «Өйткені қосымшалар бұл жерде фонеманың қосалқы реңкі емес, негізгі реңкі бойынша жалғанады: шайға, жайға, жайшылық т.б. Бұл тәрізді сөздерді осылайша қосымшалармен түрлендірсек, басқаша айтқанда айқын позиция іздесек, фонеманың негізгі реңкі ашыла түседі де, сөздерді фонемалық сипатына қарай жазуға мүмкіндік туады»[55]. Жалпы, мұндай өзгерістер, көбіне, ауызекі сөйлеуде және жергілікті ерекшеліктерінде болып отырады. Ондай дыбыстық алмасуларды жинақтаған еңбек С.Омарбеков пен К.Жүнісов еншілігінде[56]. Ондай ерекшеліктерді біз де дыбыстар алмасуы арқылы түзілген деп білеміз, сондықтан да ондай дыбыс тіркесімдерінен құрылған сөздерден салаласуды іздеу жөн емес.

Жоғарыда келтіргеніміздей, фонетиканың негізгі объектісінің бірі буын мәселесі болып табылады. Қ.Жұбановтың «Фонемалар синтаксисі» деп таныған буын алтыға бөлінеді: жалаң, ашық, жеңіл тұйық, ауыр тұйық, жеңіл бітеу, ауыр бітеу. Аталымдарында аздаған өзгешеліктері болғанымен, бұлардың сөз ішіндегі қызметі бір-бірімен тең дәрежеде, болмаса бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Мәселен, жалаң-ашық бір-бірімен сөз басында келуімен теңдеседі де, ашық түрінің сөздің барлық шенінде келуімен айырылады. Ал жеңіл тұйық-ауыр тұйық буын түрлері де сөз басында келуімен жалаң-ашыққа жақындағанымен, өзіндік бөліп айтар жайттары да бар. Біріншіден, олар тек қана екі дыбыстан емес, үш дыбыстан да тұрады, ал жалаң-ашық бір не екі дыбыс тіркесімінен аспайды. Екіншіден, олардың сөз басында кездесуі жалаң-ашыққа қарағанда әлдеқайда төмен. Үшіншіден, мұндай буын түріне сөз аяқталмайды. Аталған буын түрлеріне қайшы жеңіл бітеу-ауыр бітеу буынды айтқан жөн. Бұл да аталған буындардан дыбыс санының көптігімен (кем дегенде үш, төрт) ерекшеленсе, сөздің барлық шенінде кездеседі.

Қазақ тіліндегі буын түрлері Қ.Жұбанов аталымындай сақталып қалған жоқ. Н.Сауранбаевта төртке, І.Кеңесбаевта үшке түсіп, казіргі күні екіге кеміді (С.Мырзабеков, А.Айғабылұлы). Бұлайша түрге жіктеу буынның фонетикадағы қызметін әлсірете қойған жоқ. Сонымен қатар буын мәселесіне қалам тартқан ғалымдар тұжырымдарында олардың байланысу жолдары ескерілмеді. Біздің байқауымызда, аталған буын түрлерінің өз ішінде тең дәрежеде қолданылуы кездесіп отырады: Көпке дейін былтырғы қатаң қыстың салдарынан айырылып кеткен қара жердің тоңы жібіп, жаңа бусана бастаған еді (С.Жүнісов). Сөйлем ашық және бітеу буынды сөзтұлғалардың тіркесімінен тұрған, оның ішінде бірыңғай ашық буынды (қара, тоңы, жаңа, еді) сөзтұлғалар да, бірыңғай бітеу буынды (қыстың, кеткен, жердің) сөзтұлғалар да бар. Мұндай сөзтұлғалардың буындарын ауыстыруда буындық түрге нұқсан келмейді. Ол сол ашық буын күйінде (қа-ра = ра-қа), я бітеу буын күйінде (қыс-тың = тың-қыс) тұра береді. Мұндайда жеке буыннан мағына іздеудің қажеті жоқ. Оның лексикалық (қыс) немесе грамматикалық (тың) мағынамен сәйкес келуі кездейсоқ сәйкестік деп есептеледі. Сондықтан да М.Н.Матусевич буынға жіктеудің өзіндік қиындығы барын ескертіп, «Основной причиной является тот факт, что слогоделение внутри слова не связано со смыслом, оно не семантизовано. Поэтому его трудно уловить» — дейді[57].

Тұйық буын түрінің де дыбыс саны жағынан қатарлас келуі кездеседі. Бірақ ондайда ол қыстырма дыбыстың көмегіне сүйенеді. Ат-мат, ет-мет сынды қосақталған сөздердің, қыстырма дыбысты есептемегенде, тұйық буын түрлерінен болып тұрғаны сөзсіз. Жеке дауысты дыбыстан тұратын буын түрі мен тұйық буынның түрленулері ашық пен бітеу буынның түрленулеріндегідей белсенді емес. Жалаң ашық буын түрінің мүндай қасиетін Ә.Қайдаров оның өте көне буын түрі екендігінен іздейді және оның көне ескерткіштер тілінде кең көлемде қолданылғанын айтады. Ал тұйық буын түрлері осы жалаң ашық буын түрінің орнына келген. Ғалым мұны бір түбірлі сөздердің негізінен шешкен. Ал орыс тіл білімі үшін ашық буын түрі негізгі заң ретінде танылатын іспетті. В.A.Иванов сөзіне сенсек, «Основной закон, котором подчиняется структура слога русского языка, – это закон открытого слога, сущность которого заключается в том, что звуки в слоге должны распологаться по восходящей звучности и оканчиваться наиболее звучным звуком, т.е. гласным»[58].

Қазақ тіл білімінің дыбыс жүйесіндегі негізгі заңдылықтардың бірі болып үндестік заңы саналады. Бұл — дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен болатын құбылыс. Біріне-бірін бағындыру салаласудың жолы емес. Бірақ бұған қарама-қарсы құбылыстардың да болып отыратыны ғалымдардың назарына ілінген. Егер І.Кеңесбаевтың пікіріне сүйенсек, «…при спонтанных изменениях один звук не зависит от другого, один звук не подчиняется другому. Поэтому подобные изменениия звуков можно назвать неподчиненными (или независимыми) изменениями»[59]. Ғалым өз ойын Ғали, Қали, Әли сынды сөздердің басқы дыбыстарының қатар қолданылу ерекшеліктерін тілге тиек етіп, олардың тең тұлғалы сөздер (тождественных форм) тұрғысында қабылдайды.

Сонымен, қазақ тіл білімінің дыбыс жүйесі біраз қайшылықта болып келсе де, қазіргі күні біршама ғылыми шешімін тапты деуге негіз бар. Оның ең басты қайшылығы дауысты және дауыссыз дыбыстардың сандық құрамынан байқалады. Әсіресе у, и таңбаларының дыбысталуындағы дәлсіздік орын алып отырды. Әйтпегенде А.Байтұрсынұлы көрсеткен бес дауысты (дәйекше қою арқылы жіңішкерткенде – 9) дыбыстың ішінде у, и таңбалары кездеспейді. Қазақ-қырғыз тілдеріндегі дыбыстық үндесулерді қарастырған Х.Досмұхамедұлы да: «Бұл күнде біздің тілімізде жалғыз е дыбысынан басқа барлық дыбыс қос айтылады» — дей келе, «екі жарты дауысты дыбыстың (у, и)» барын көрсетеді[60]. Ғалымның қос айтылатын дыбыстарының қатарына а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і дыбыстары жатады да, жарты дауысты дыбыстары А.Байтұрсынұлында да жарты дауысты дыбыс болып танылған, енді бірде дауыссыз дыбыстар деп танытқан түрлерінің қатарында жүр. Кейіннен бұл  таңбалардың қызметін көрсетуді олардың әрі дауысты, әрі дауыссыз дыбыс болып келетінін алға тартып отырдық. Дегенмен қазіргі қазақ тілінің дыбыстық жүйесі бұл тұрғыда бір жүйеге еніп тұрақталды. Сондықтан да С.Мырзабеков: «Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда, тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік» — деп дұрыс айтады. «Біріншіден, сөздердің кұрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып және дауысты жеке буын кұрайтын болады»[61].  Өз тақырыбымызға орайластырып айтсақ, дыбыстар тіркесімінде де, буындар тіркесімінде де қажетті байланыстыру болып тұрады. Және ондай байланысу салаласу негізінен де жүзеге асады.

Дыбыс жүйесіндегі теңдестік палиндром сөздерде тіптен анық. Бір қарағанда, сөзді танытатын мұндай дыбыс тіркесімдерінің өзіндік ерекшелігі де бар. Әдетте, сөз де дыбыс тіркесімдерінен болады, бірақ ондағы дыбыс тіркесімдері шартты. Мәселен, бас сөзін құрудағы үш дыбыс тек осы тіркесімде ғана бола бермейді, енді бірде басқа дыбыстармен де тіркеске түсіп отырады. Осы себептен де белгілі бір сөз мағынасын білдірудегі дыбыс тіркесімдері шартты тұрде түсіндіріледі. Кейде, тіпті көпшілік жағдайда белгілі дыбыс тіркесіміне түскен сөздерді кері оқуда мүмкіншілік болмайды. Түсініксіз сөздер (дұрысы сөздер емес) пайда болады: «Сочетаемость фонем не вполне свободна, т.е. не нужно думать, что любой звук свободно соединяется с любым другим звуком. Этого нет. На сочетаемость звуков наложены ограничения и историей языка и закономерностям его действия» —  дейді Б.Н.Головин[62]. Ал палиндром сөздер үшін бұл заңдылықтың еш «қатысы» жоқ. Дұрысы, ол да дыбыс тіркесімдері арқылы болып отырады, демек, сөздің материалдық жағына жауап береді. Сонымен қатар сөздің мағыналық жағын да жоғалтпайды.

Тіл-тілде палиндром сөздердің екі тұрлі жолмен берілетіндігі түсіндіріледі. Алғашқысы – «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктегі» артқа жүгіру (бегу назад). Ондай сөзді солдан оңға қарай оқудағы мағына керісінше оқуда сақталмайды: кот-ток; хорош-шорох. Мұндай сөздер қазақ тілінде де кездеседі. Ондағы дыбыс тіркесімдерінің сандық дәрежесі де әркелкі. Екі дыбыс тіркесіміне бағынған түрі көбіне одағай мен шылау сөздер болып келеді: ау, әй, ше, не. Керісінше оқуда басқа сөздер туады: уа, йә, еш, ен. Үш дыбыс тіркесіміне бағынған палиндром сөздер тіптен көп: көш, қал, қас, мыс, нақ, пас, сүқ, тақ, ура, шоқ.  Төрт-бес дыбыс тіркесімдерінен болған палиндром сөздер де баршылық: адақ, азат, арақ, екен, екеш, есек, кісі, қына, шала, ішік; ескек, қасқа, қыран, қысым, тамақ. Мұндай дыбыс тіркесімдеріне бағынған палиндром сөздер дыбыстардың салаласуын көрсете алмайды.

Палиндром жасалуының екінші жолы дыбыстық салаласудың нақты үлгісі болып табылады. Өйткені онда, О.С.Ахманова сөздігінде түсіндірілгендей, палиндром қасиеті толық ашылады. Ғалым палиндромға қатысты ойын «Слово, фраза или стих, имеющие одинаковый смысл при чтении слева направо или справа налево» — деп жеткізген[63]. Орыс тіліндегі мысалдық деректер де эстетикалық және табиғи тұрғыда баяндалады. Қараңыз: Аргентина манит негра / Алису кузина за низ укусила / Аза ждала джаза / Болван, на в лоб / Вижу жив / Даря, рад / Коту скоро сорок суток / Кит на море романтик / Куда, Иван? На виадук / Морде вола попало ведром («Звезда Прииртышя» газеті).

Қазақ тілінде өлең жолдары мен сөйлемдік құрылымдардың бар жоғын таразылау біздің еншімізде болмады. Ал сөздердің кездесуін қадағаладық. Бұл біздің дыбыстық салаласуымыздың ерекшелігін ашып та берді. Біздің байқауымызда, палиндром сөздер фонетикалық заңдылықтарға толықтай жауап береді. Мәселен ондай сөздер метатезалық құбылыста да (кестек, қақпақ редукциялық құбылыста да (қылқ-қылқ, қыңқ-қыңк) кездеседі. Айтылуы жағынан сәйкес келіп отыратын палиндром сөздер де жиі  киік, қиық, өте, ұлы, көкек, қорек, құмық. Ал нақты жазылу бойынша сәйкестік палиндром сөздердің үш, бес дыбыс тіркесімдерінен болатынын аңғардық. Төрт дыбыс тіркесімінен болған бір ғана (алла) сөз бар. Екі дыбыстық тіркесім палиндром сөздің бірінші жолында болатындығы баяндалды, мұнда мүмкін емес. Үш және бес дыбысты палиндром сөздер тобында дауысты дыбыстардың ішінен ә, о, ө, ү, ү дыбыстарының, дауыссыз дыбыстардың ішінен б, г, ғ, д, ж, з дыбыстарының кездеспейтіндігі анықталды. Бұл мәселе аталған дыбыстардың екінші буында немесе сөз соңында жұмсалмайтындығымен түсіндіріледі. Басқа дыбыстар қал-қадірінше палиндром сөздер жасауға қатысып, тіпті сөздердің лексика-грамматикалық топтарын құрайды. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1978) бойынша палиндром сөздерді жинастырғанымызда, олардың, көбіне, зат есім сөздер екендігі (аға, ауа, тат, шаш, қабақ, мақам, шалаш), біразының одағай екендігі (еһе, оһо, аха~ха, уау), сын есім екендігі (ала, көк, кесек, қысыр) байқалды. Сол сияқты сан есім (қырық) сөз бен біраз сөздерді етістіктендіріп (аса, ата, нан, тұт), омонимдік тұлғада көрсетуге де болады. Мұның сыртында палиндром сөздердің қүрделеніп келуі де бар: қиқ-қиқ, у-ду, у-шу. Мүмкін палиндром сөздерді барынша саралап, жіктеуге де болмас. Бірақ бұл жол нақты дыбыстық салаласудың жолын беретінін жоққа шығармаған дұрыс.

Қорыта келгенде, дыбыстық салаласудың өзін дыбыс алмасу дыбыс варианттары, дыбыстың (буынның) жылысуы, қайталама дыбыстар сияқты фонетикалық терминдермен қатар қоюға болады деп есептейміз. Өйткені дыбыстық салаласу дыбыс жүйесінің фонема, буын, екпін, орфоэпия бөлімдерінде көрініс беріп отырады. Оның сыртында дыбыстық салаласудың басты ерекшелігін оның байланыстыру қызметімен жақын қарауымыз қажет.

 

Сөз жүйесіндегі байланыс түрлеріне қатысты ерекшеліктер

 

Лексиканың басты нысаны болып табылатын сөздің мағыналық жағы мен басқа салаларға материал болатыны да қай тілде болмасын тиянақталды. Солай бола тұра, жеке дара сөздің басқа сөздермен арақатынасы, оның біртұтас бірлікке еніп өзара байланысқа түсуі тағы бір саралауды қажет етеді. Сөздердің бір-бірімен теңдестік дәрежеде жұмсалуын қарама-қарсы сөз жұптары мен синонимдік қатар болатын сөздерден тапқан Ю.С.Маслов олардың өзіндік ерекшеліктерін де түсіндіреді. Соның ішінде абсолюттік синоним ретіндегі тіл білімі = лингвистика сынды сөздердің мағыналық жағынан қатар болатындығын алға тартуы да бар. Сөздердің күрделілігін қарастырудың да негізі терең. Сондықтан да бір түбірлі сөздердің тілде нысан болуы қанша қажет болса, күрделі түбірлі сөздердің де бір лексикалық мағынада жұмсалуын қарастырған жөн. Б.Н.Головин сөздердің еркін және байлаулы мағыналы болатынын алға тартып, «Каждое свободное значение выражается одним, отдельным словом. Каждое отдельное связанное значение выражается не менее чем двумя словами одновременно – одно из них оказывается главным, а другое вспомогательным» дегенді айтады[64]. Біздің байқауымызда, байлаулы мағыналы сөздер тек қана негізгі, көмекші сипатта келмейді. Тілдегі күрделі сөздердің ішінде қосақталған және кейбір біріккен түбірлердің сыңарлары өзара тең дәрежелік қатынаста да болып, орын ауысуларына жол беріп отырады. Мұндай сипаттағы құрылымдар тұрақты тіркес бірліктеріне де тән. Сондықтан да бұлар басқаша түсіндіруді, нақтырақ айтсақ, олардың паратаксистік қызметте де болатынын көрсетуді қажет етеді.

«Сөз — өте-мөте қүрделі тілдік единица, — деген К.Аханов оның екі жақты құбылыс екенін көрсетеді. — Оның бірі — сөзді дыбыстық жағы, екіншісі — сөздің мағыналық жағы»[65]. Сонымен қатар сөздің қолдану ерекшелігі мен басқа алуан түрлі жақтарына көңіл аудару қажет-ақ. Сөздің қолдану ерекшелігі тұрғысынан негізгі, туынды, ауыспалы мағыналардың түсіндірілуін ұғынсақ, олардың жоғары дәрежеде талдаудан өткендігін айтуымыз қажет. Бірақ мұнымен де іс бітіп қалмайды. Мәселен, сөз мағынасының дамуына барынша игі әсерін тигізетін омоним мен көп мағыналық, синоним мен антонимдердің т.с.с. басқа қырынан қаралу әлі де болса талдауға тартылуы қажет. Себебі тең дәрежелік қатынаста тұру омоним мен антоним сөздерде, мәндестік ұғым (бұлар да өз кезегінде біршама теңдес, басқаша айтсақ, бірінің орнына бірі жүреді) синоним сөздерде кездесіп отырады. Адам — кісі; мейрам – мереке; еріншек – жалқау // Ер= 1) адамның еркек жыныстылары, еркек; 2) жау жүрек батыр, қаһарман; 3) тоқым үстінен салатын үзеңгілі жабдық; 4) біреудің соңынан ілесу, бірге еріп жүру[66] және бар-жоқ; үлкен-кіші; алу-беру т.с.с. сөздердің тендестік дәрежесін жоққа шығаруға болмайды.

Сөздердің бірінің орнына басқа біреуінің жұмсалу үлгісі қазақ лексикасының табу мен эвфемизм түрлерінде айқын. Бұларды тең дәрежелік қатынастағы лексикалық бірліктер деп тануға әбден болады. Себебі олардағы орын алмасуда, осыдан барып нақты мағынаның сақталуында еш кедергі жоқ. Табу тыйым салынған сөздер ретінде түсініледі. Қазақтың әдет-ғұрпында келін болып түскен қыз күйеу жағының туған-туысқандарына басқадай ат қойған. «Мәселен, қызға — қара көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға — кекілдім, айдарлым, тұлымдым, шырақ, тетелес, мырза жігіт, төре жігіт, мырза аға, би аға делінген. Егер аты дөрекілеу болса, аттеріс деп атаған. Сол тәрізді ата-ене, абысын-ажын, қайын аға, қайын жұрт, нағашы, жиен-жиеншарларға дейін шетінен ат қойып шығатын болған»[67]. Қазақ жазушылары табудың тамаша үлгісін өздерінің шығармаларына арқау етті. Мәселен, қазақ әйелінің күйеуінің атын тура атамау жайы Ж.Аймауытовта былайша суреттелген:

– Күйеуіңнің аты кім ?

– Обал ғой, қалай атайын?

– Оның обалы жоқ, бауырым. Жай сөз. Атай бер.

– Ана аттың мойнына салатын имек ағаш.

– Қамыт па?

– Жоқ, одан жоғарылауы.

– Доға ма?

– Е, сол, сол.

Тілде сөз ұғымы дөрекі, көңілге тиетіндей болып келсе, оны жағымды сөздермен алмастыру, сол сияқты кемсіту, іске жаратпау ұғымындағы дөрекі сөздерді де пайдалана береді. Мұның алғашқысын эвфемизм, соңғысын дисфемизм деп атайды. Аталған еңбек авторлары эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың бес түрлі жолын көрсеткен. Олардың барлығы да қазіргі қолданыста бар (үйлену мен тұрмыс құруға байланысты және ауру аттарына қатысты), көркем әдебиетте кеңінен немесе үлкен адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынаста пайдаланылатын сөздер. Олар мыналар: а) адамның дене мүшелеріндегі кем-кетік; ә) айтушы мен тыңдаушыға бірдей жағымсыз сөздер; б) жағымсыз қарым-қатынасқа қатысты сөздер. Аталған түрлерге қатысты сөздердің алғашқы мағыналық тұлғасымен тең дәрежеде тұруын байқауға болады: а) ауру = дімкәс // саңырау = құлагының мүкісі бар; ә) Алтынай көйлекшең дәрет алып отырып, мұрнын қатты сіңбіре берді (Ж.Аймауытов); б) ұрлықшы = қолының жымысқысы бар // ұрсысу = бет жыртысты.

Эвфемизмге мағынасы жағынан қарама-қарсы кұбылыс ретінде дисфемизм саналады. Және бұл — сөзді ауыспалы мағынада қолданудың да бір жолы. Әдеби тіл үлгісіне жатпағанымен, сөздің құрамда алатын орнын да ескеруіміз керек. Жоғарыдағыдағы саралауларға мысал келтірсек, а) – Тоқтама! Соқырды қу! деген өктем дауыс баж-бұж етеді (Б.Тілегенов); ә) кеміту = боқмұрын бала; б) аузы жеңіл // қосып айтады эвфемизмі өсекші дисфемизмі ретінде қолданыла алады. Бұл айтылғандар ауызекі сөйлеу тілінде болатындығымен ерекшеленетін де шығар. Бірақ «Сөйлесім үшін басты нәрсе — хабардың жеткіліктілігі. Синтаксистік құрылысының толықтығы шешуші нәрсе емес»[68] екенін де ескергеніміз жөн.

Тең дәрежелік қарым-қатынас сөздердің бірігіп, қосарланып келуінде де болады. Қазақ тіліндегі антропонимика ілімін дамытқан, құнды ғылыми пікір білдірген Т.Жанұзақов біріккен кісі есімдеріндегі сыңарлардың орын ауысуы кейде грамматикалық заңға, кейде am қою принципіне негізделіп отыратынын байқайды. Ғалым пікірінше, бастапқы қалпын сақтап, өзгеруге ұшырамайтын Итбай, Баққожа, Асылбек сынды есімдер тобы бар. Сонымен бірге «Олардың кейбіреулері қазіргі грамматика заңына бағынып, анықтауыш пен анықталғышын ауыстырып қолдануға көнеді. Мысалы: Байқожа – Қожабай, Байқошқар – Қошқарбай, Бекболат — Болатбек, Бектұр – Тұрбек»[69]. Т.Жанұзақов байқауында және өз тарапымыздан қадағалағанымызда да кісі аттарында сыңар алмасулар болып отырады. Және бұл оның беретін мағынасына тікелей қатысты да емес: Бердіқожа есімінде ат қоюшы берді сөзіне екпін түсірсе, Кожаберді болып тұлгалануында қожа сөзінің ілгері орында тұрғаны анық. Жоғарғы мысалдан көргеніміздей, сыңар аламасулар зат есім мен зат есім, сол сияқты етістік пен зат есім (Туғанбай = Байтуған), сын есім мен зат есім (Қаражан = Жанқара), есімдік пен зат есім (Түгелбай =  Байтүгел; Баршакүл = Күлбарша) тіркесімдерінде кездесіп отырады.

Әрине, мұндай тіркесімдердегі сыңарлардың бәрі орын алмасуға көніп отырады деуден аулақпыз, бірақ олардағы сыңарлардың тең дәрежелік қатынаста да тұратынын тағы да жоққа шығаруға болмайды. Оның үстіне адамдардың ат қою салтында өзгеше бір қасиет бар. Мәселен, баласы дүниеге келген қазақ ұрпақтары күні бүгінге дейін бала есіміне жан сөзін кездейсоқ жамамаған. Біз бұл жайын авторлық бірлестікте жарық көрген оқулығымызда былайша көрсеткен едік: «Жанай (Айжан) — ай тәріздес, ғарыш, аспан әлеміндегі жарық дегенменен пара-пар; Жанақ (Ақжан) – ақ, таза, шын жүректі, таза көңілді деген мағынамен ұштасады; Жанбай (Байжан) — рухани бай адам; Жантас (Тасжан) – жаны тастай сірі, мықты; Жантпемір (Теміржан) — көңілі болат құрыштай; Жанқуат (Қуатжан) — рухани тірек, үміт; Жандос (Досжан) – барлық адамның жолдасы дегенге сәйкеседі»[70].

Лексика сөз туралы ілім болғаннан кейін, оның жекелік қызметі басты болып табылады да, басқаша байланыста көрінуі ескеріле бермейді. Алдыңғы талдаулардағы тең дәрежелік қатынастың байланысу қызметі тұрғысындағы көрінісі салаласу деп тапсақ, оның лексикадағы түрі тағы қандай басқа бірліктермен белгіленеді? А.А.Реформатский пікірінше, «Сочинение может осуществляться как в пределах лексемы — это несинтагматические сложения (человеко-день, тонна-км), так и в пределах простого предложения — это однородные члены предложения, и в пределах сложного предложения»[71]. Аталған мәселелердің алгашқысының негізін лексикалык салаласу құрайды.  А.А.Реформатскийдің тең дәрежелі құбылыстардың біріншісі екіншісін немесе екіншісі біріншісінің не анықтауыш, не анықталушы қатынаста тұра алмайды деген пікірі қазақ тіл білімінде де қолданыс тапты. Бірақ С.Исаев тарапынан жан-жақты талқылауға түсіп, оларға басқаша қарауға итермеледі. Мәселен, С.Исаев орын тәртібіне қатаң талғаммен қарау керек екенін ескертіп, орыс тілінен аударма арқылы енген ұшкыш-космонавт, мүше-корреспондент сияқты сөздердің алғашқысы соңғысын анықтап тұратынын дәлелдейді[72]. Олай болса, анықтаушы-анықталушы қатынастағы сөздер тобы салаласуға көнбей қалады. Бірақ салаласудың лексикадағы көрінісі қос сөздер арқылы көрініп отыратынын жоққа шығаруға тағы болмайды.

Қарттың ішкі дүниесі ду-ду етіп, көмейі бүлк-бүлк ете түсті де, көз алды бұлдырап кетті (Д.Исабеков). Сөздердің бұлайша байланысып келуін О.Бүркітов лексикалық қайталамалар деп таныған. Бір ерекшелігі, ғалым «Лексикалық қайталамалар, негізінен бір сөйлем көлемінде, кейде қатарлас сөйлем легінде қолданылып, көркемдік қызмет атқаратынын», сөзді қосарламай-ақ беруге болатынын нақ басқан. Біздің қарауымыздағы қос сөздер сөйлем ішінде кездесіп отырады да, түрлі тұлғалануда болады. Тілде кездесетін, түрлі септік жалғаулардың көнеленуі нәтижесінде ажыратылмай жүрген босқа, текке, шалқасынан т.б. тұлғаларының қосарлануынан да тең дәрежелік қатынас туып отырады. Бірақ оларды тілдік салаласуға жақындату мүмкін бола бермейді. Қараңыз: Абай бірнеше күн бойы қатты толғанып, жападан-жалғыз оянып жүрді. …күннен-күнге қарнын қампитып келе жатқан жәрмеңке сол қазақ даласын торуға шыққан жайындай болатын (М.Әуезов).

Тілдік салаласу атау тұлғалы сөздердің сан есім түрінде келіп, өсім дәрежесі арқылы көрінетін байланысуларда да болмайды: Нормасын ылғи екі-үш есе артық орындап келеді (Ғ.Мұстафин). Үшеу-төртеуі тұтас кіріп, сәлем берісті (М.Әуезов). Әрине, қос сөздік сыңардың біріне жалғау жалғану арқылы да тұлға өзгереді. Ондайда қайталама қос сөзді түрде табыс септік пен тәуелдік жалғау байланысынан болған сыңарлар ғана орнын ауыстыруға бейім келеді. Барыс, жатыс, шығыс септікті тұлғалануларда ондай еркіндік жоқ. Ал қосарлама қос сөз сыңарларындағы салаласу барлық септікте бола береді.

Көзіне жас оралған Аманкелді өзін-өзі тоқтата алмады (К.Сәрсекеев). Кез келген ауылда қонақтағандықтан, тұрмыс- салтының, ой-саналарының, әдет-ғұрыптарының көптеген бүге-шігесін байкаған (С.Мұқанов). – Апа, куаныш-қайғыға бірдей берік, ер болатын едің (Ғ.Мүсірепов). Қалыңдығын алып қайтқан салтанатты топ кеш бойы ойын-сауығынан жазбады (М.Мағауин). Осы қоныстардың бәрін Балдыбек өзіне табиғи өрен-жаран, туыс- жекжатымен жеке жайлап жатушы еді (Қ.Жұмаділов).

Қос сөздер сыңарларының аралығындағы кездесетін жатыс, табыc септік жалғауларының салаластыру қызметі өте жоғары. Олар, тіпті, шылаулық, яғни байланыстырушылық, оның ішінде салаластырушылық қызмет атқарады. Кейде олардың жазылу ерекшелігіне қарап қос сөз деп танып жатамыз: Бүгін күн ұзын Абаймен құрбысындай жарысып келгеннің де бірде-бір белгісі жоқ (М.Әуезов) Осы уақытқа шейін окуға бір де бір қыз-келіншек тартылған жоқ (С.Омаров). Бұлар топ-топ боп, бірінен-бірі озып кете алмай… (F. Мүсірепов) Отыз елубасы бірінен соң бірі тағы да кезекпен шақырылып…(М.Әуезов).

Қазақ тіліндегі қос сөз сыңарларының бірі көмескіленіп те отырады. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай және олардың байланысу ерекшелігі де сол, екі сөз мағыналық жағынан мәндес болып та (ой-сана, туыс-жекжат), біріне-бірі қайшы мәнде те (қуаныш-қайғы, бүге-шіге) қайталанып келе береді. Мұндай зандылықтан көмескі сыңарлы қос сөздер де алшақтамайды. Бірақ олар өзара орын алмастыруға, яғни тілдік салаласуға да бағынбайды. Оның тең дәрежелік қасиеті тілдің тарихына көз жібергенде, туыстас тілдермен салыстыра тексергенде ашыла түседі. Мәселен, қыз сөзінің бір мағынасы М.Қашқари сөздігінде күң, болмаса қырқын тұлғасында берілуі, бала сөзінің қырғыз тілінде шаға нұсқасы бар екені осыған дәлел. Мұндай мысалдар қазіргі әдеби тілімізде де мол ұшырасады: Қатын-қалаш, бала-шаға, қалың қарағайдың арасына тіккен қүркелерде қалды (С.Мұқанов). Жақын маңдағы ауылдардың адамдары атпен, түйемен бірең-сараңдап келіп жатыр (Ғ.Ахмедов).

Жалпы, қос сөздер — тілдің сөздік кұрамын толықтыруда өзіндік орны бар сөз тұлғалар. Және бір баса айтарлығы сол, олардағы жеке сыңарлар бір-бірімен теңдестік дәрежеде тұрады. Сонымен қатар олардың орнын ауыстырып қолдануға болмайтын тіркестер қатары да, алмастырып айтуға болатын, яғни тілдік салаласуға көнетін қатары да мол. Олардың мұндай қызметін Б.Қасым сөздігінің «Қос сөздер» тарауындағы берілу жолдарынан аңғартуды жөн деп таптық[73]. Қос сөз тұрлерін қамтыған сөздікте 1227 сөзтұлға берілген екен. Олардың орнын алмастыруға болмайтын, бірақ бір-бірімен тең дәрежелік қатынаста тұрғаны — 782 де, орнын алмастыруға көнетін, ондайда мағынаға нүқсан келмейтін түрлері -359. Тең дәрежелік қатынастағы қос сөздердің өзіндік ерекшелігі де бар: олар я болмаса басы артық дыбыстың қосылуынан (абыр-дабыр), я болмаса екінші сыңардың дыбыстық құрылысының көптігінен (қам-қарекет), енді бірде соңғы сыңар мағынасының көнеленуінен (қыз-қырқын; шал-шауқан) түзіледі. Ал тілдік салаласуға бағынған қос сөздер көбіне қайталау нәтижесінен болады, сонымен бірге бірінің орнына екіншісі қолданыла беретін мәндес сөздерден тұрады. Сөздікте осы екі түрлі қызметті бірдей қамтыған сөзтұлғалар да кездесті. Олар, ең алдымен, теңдестік дәрежеде тұрады (күлкі-сықақ, ой-ниет), оның теңдестік дәрежесі орнын алмастыруға болмайтындығымен түсінідіріледі. Екінші жағынан олардың орнын алмастыруға да болады (сықақ-күлкі, ниет-ой), демек тілдік салаласу сияқты. Бірақ ондайда тең дәрежелік қатынас жойылады да, анықтаушы-анықталушы (мазақтаған күлкі; ниеттенген ой) қатынасқа түседі. Бұл, әрине, ондайда салаластық мәнінен де, тіпті қос сөз сыңарларына тән заңдылықтан да алшақтап кетеді. Мұндай сөзтұлғалар саны да аз, небәрі – 86. Қалай болғанда да, сөздің қайталануы, біздіңше тілдік салаласуға көнуі, сөздің қосарлануы, біздіңше, салаласу мен тең дәрежелік қатынаста тұруы, А.Н.Смирницкий сөзімен айтсақ, «…представляется само собой разумеющейся самоочевидной и является как бы одной из аксиом языка»[74].

Тұрақты тіркестің ішкі құрылым байланысулары да сондай байланып қалған нәрсе емес. Көп жағдайда тіркес құрылымындағы сөзтұлғалардың орнын ауыстыруға, басқа сөзтұлғалармен алмастыруға болмайтыны рас. «В отличие от идиом или фразелогических сращении фразеологические сочетания значительно более подвижны, менее замкнуты» — дейді А.Будагов. Ғалымды ары қарай тыңдасақ, фразеологиялық тізбек фразеологиялық тұтастық сияқты сөздер тіркесімінің біртұтас мағынасы үшін қызмет етеді. Сонымен қатар фразеологиялық тізбек «…как бы останавливаются на полпути, создают такие соединения, которые легко распадаются на отдельные слова и внутри которых слова не теряют своей большей или меньшей самостоятельности»[75]. Тұрақты тіркестердің синтаксистік қызметі тұрғысынан ажыратылуын Ю.С.Маслов та қадағалайды. Ғалым пікірінше, тұрақты тіркестер «1) Эквивалентные слова с возможными дальнейшими подразделениями – эквивалентным глаголом, существительным, наречием и т.д. или в иных терминах, «функционирующие как сказуемое», «функционирующие как обстоятельство» и т.д. и 2) используемое в качестве целых предложении»[76].

Мұндай ғылыми мәні бар пікірлер аталған тілдік бірліктің тағы да тыңғылықты қарастырылуын қажет етеді. Әсіресе, тұрақты тіркес құрамындағы бөлшектердің орнын ауыстыруға болмайды, олардың байланысуы бір-біріне тәуелді т.с.с. тұжырымдар олардың шын мәніндегі көрінісіне сай келе бермейді. «Некоторые группы фразеологических оборотов (а именно включающие в свой состав глагола) способны к двоякому расположению своих компонентов (ср: Сгореть со стыда — со стыда сгореть, тянуть волынкуволынку тянуть, бить баклуши — баклуши бить и т.д.)»[77]. Бұл  фразеологиялық бірліктердің ішкі құрылымдарының салаластық байланыста тұра алатынына толық дәлел бола алады.

Тілде тұрақты тіркестердің өзара және сөзбен синонимдігі, варианттылығы жайында еңбектер жеткілікті. Біз мұндай құбылысты тек тұрақты тіркестің өз құрылымынан, тек салаласа байланысуынан іздедік. Және ол Ю.С.Масловтың екі түрлі жолымен сәйкес қарастырылды. Ал фразеологизмдегі омонимдік, антонимдік жұптар мәселесі ше? Расында да, Н.М.Шанскийдің көрсетуіндей белгілер қазақ тіл білімінен алшақ емес: «В  фразеологии омонимов значительно меньше, чем в лексике. Это объясняется большой фонетической «протяженностью» и структурной сложностью фразеологических оборотов, всегда выступающих по крайней мере как двуударные единицы, состоящие минимум из двух компонентов словного характера. Не менее редко, чем омонимы, встречаются во фразеологии антонимы, т.е. фразеологические обороты, обозначающие прямо противоположные явления объективной действительности»[78]. Бірақ тілдегі аз нәрсенің өзі назардан тыс қалмауы керек.

«Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексикалық единица – сөзге ұқсайды». Бұл пікір соңына көз жіберсек, «Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатынастық байланыстар болады. Тұрақты тіркестер мен қүрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы пайда болса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен біріккен сөзге айналып кеткен»[79]. Егерде тұрақты тіркестердің қос сөзге айналу мүмкіндігі болса, ондағы салаласу белгілері мен тең дәрежелік қатынас фразеологизмнің бойына көшуі де әбден мүмкін. Ондай мүмкіндік тұрақты тіркестердің өзара мәндес тұруынан, болмаса қайшы мәнде қолданылуынан, ішінара әр мәндес түрінен анық байқалады. Жеке сөздің синонимдік қатарын таныту Ә.Болғанбаев сөздігінде жан-жақты берілсе, фразеологизмдердің өзара синонимдігі мен оның жеке сөз мағынасына жақындығын Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» еңбегінен табуға болады. Әрине, ғалым олардың өзара тең дәрежелік қасиеті мен салаласу қызметіне көңіл аудармайды. Бірақ біздің тақырыбымызға қатысты жол да сілтеп кетеді. Ғалым еңбегі еш болу, жолы болмау тіркестерінің синонимдік баламаларын бере отырып, тірек сөз (доминант) қызметіне көңіл аудартады. «Бір қызығы, — дейді Г.Смағұлова, -«Еңбегі еш болу» фразеологиялық тіркесіне қалған синоним фразелогизмдердің кез келгені ұйытқы мағынамен қатар тұра алады, демек контексте фразеологиялық тіркестердің орындарын алмастыруға болады»[80]. Бұл біздің талдап отырған тілдік салаласуға толық жауап береді. Ал тең дәрежелік қатынаста тұрса да, орын алмастыруға болмайтын жайттар тұрақты тіркестердің контекстік шеңберінде де болады екен. Ғалым түсіндіруінде, жолы болмау тіркесінің ұйытқы сөз ретінде қолданылу мүмкіндігі оған мағыналас тіркестерден жоғары.

Әйтсе де, тілдік салаласу мен тең дәрежелік қатынас тұрақты тіркестердің контекстік көлемде талдануымен шешіледі. Ал олардың ішкі байланысу қызметі қандай? Біздің байқауымызда, тұрақты тіркес құрамындағы әр тұлғалы сөздер бір-біріне «бағына» байланысудың нәтижесінен ғана құралмайды. Бір қарағанда, көптеген тұрақты тіркес сыңарларын бір-біріне тұлға жағынан байлап, біртұтас мағына беруге әкеліп тұрған грамматикалық тәсілдің әр түрлі амалдары нәтижесінен, мәселен, мойнынан жалы кетті тіркесін екі мүшеге мойнынан+жалы кеттіге салып, шығыс септік нәтижесінен, талдауға болатындай. Бірақ қазақ тілі фразеологизмдері де алуан түрлі ерекшеліктерімен қоса, «Компоненттерінің байланыс сипаты жағынан да соншалықты әр тарап болып келеді». І.Кеңесбаев пікірін толықтай келтірсек, «Сыртқы тұрпаты жағынан өзіне тән ерекшелігімен көзге түсер бір шоғыр тізбектер — параллельді фразеологизмдер. Бұлар өзгеше бір копуляция жолымен салаласа тіркескен фразеологизмдер. Бұл топтағы тізбектерде, әсіресе олардың ішіндегі ай дер ажа жоқ, қой дер қожа жоқ типтес тіркестердің параллель компоненттері өзара тең тұрып тоғысады, жарыса жұп құрайды. Бұл параллельдер грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да терезесі тең тұр»[81]. Осыдан да болса керек, ғалым сөздігінде сыңарларының орны ауыстырылып берілген тіркестер молынан ұшырасады. Оған ауырдың үсті, жеңілдің үстімен жүр = жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүрді, болмаса бұтын бұт, қолын қол қылды = қолын қол, бұтын бұт қылды сынды орын алмасып қолданулар дәлел бола алады.

Әрине, мұндайда тұрақты тіркестерге тән басты белгілер — даяр қалпында жұмсалу, мағына тұтастығы және тіркес тиянақтылығы заңдылығы бұзылмауы қажет. «Тілдің жанды құбылыс» екендігін алға тарта отырып, тіркес құрамындағы сыңарлардың да жоғарыдағыдай байланысуда жұмсала беретіндігін байқадық. Мысалдағы сыңарлардың қайсысы алғаш қолданылғанын қазіргі күні тап басып айту қиын. Сол себептен де олардың келтірілгендегідей қолданысын даяр қалпында жұмсалуды жоққа шығарады деп түсінбеу керек. Біздің байқауымызда, тұрақты тіркес кұрамындағы сыңарлар мынадай жағдайларда орын алмастырып, демек, салаласа байланысып, тең дәрежелік қатынаста келіп отырады.

1) Құрмалас сөйлемдік үлгіде келіп, оның барлық түріне сәйкес ыңғайда жұмсала береді: а) салалас құрмалас сөйлемдік үлгіде. Мұндайда тұрақты тіркестің кос құрамды және көп құрамды түрде де келе беретінін байқауға болады. Сонымен қатар баяндауыш тұлғаларының бірыңғай есімді, я бірыңғай етістікті болып байланысуы да салаластың құрамдық түрлерінде бірдей: Ақ дегені алғыс, кара дегені қарғыс // Басы таудай, аяғы қылдай // Білгені бір тоғыз, білмегені тоқсан тоғыз // Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ // Балығы жылқы жусатпас, бақасы кісі ұйықтатпас.

Сөздіктің басталуындағы алғыс мәнді тұрақты тіркес төрт жай сөйлемдік сыңардың салаласа байланысуынан болған. Үш жай сөйлемдік сыңарлардың құрмаласуындағы тұрақты тіркестер біршама. Оған өзара пікірлес, теңдес мәніндегі Бай бастас, батыр қандас, би құлақтас сынды мысалдық деректерді көптеп келтіруге болады. Құрмаластың сыйысулы түрі де тұрақты тіркес нәтижесінен болып отырады екен. Біздің салалас құрмаластық үлгі сияқты деп тапқан тұрақты тіркестеріміздің үштен бірі осындай құрылымға жауап береді. Мәселен, Жегені желім, ішкені ірің болды // Атта жал, адамда қам жоқ // Отыз күн ойын, қырық күн тойын қылды тіркестері екі жай сөйлемдік үлгінің сыйыса келуінен жасалып тұр.

ә) сабақтас құрмалас сөйлемдік үлгіде. Сабақтастық үлгіде деп танылған тұрақты тіркес түрлерін де құрамдық жақтан таратуға әбден болады. Ең алдымен, дара бағыныңкылық ыңғайдағы тіркес түрлерінің мол кездескенін тілге тиек еткен жөн. Олардың бірі, егер талдауға түсіретіндей болсақ, еш дау-дамайсыз танылатын, қос предикаттық ортаға бағынған: Болары болып, бояуы сіңген // Досы сүйініп, дұшпаны күйінді // Айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұр сынды тұрақты тіркестер де, енді бірі — Асарын асап, жасарын жасады // Отпен кіріп, күлмен шықты // Ат мінгізіп, тон кигізді сынды тіркестердің бір предикаттық ортаға байланып жұмсалған түрі.

Мұндай дара бағыныңқылы сабақтас түрлерінің сыңарларын ауыстыруда (ал кәдімгі байымдаудағы сабақтастар оған көне де бермейді) грамматикалық мағына бұзылмайды. Ал көп бағыныңқылы деп танылған тіркестерде соңғы тиянақты тұлға ауыстыруға көнбейді. Бұл жағынан кәдімгі сабақтас құрмалас өлшеміне жауап береді: Қол алысып, төс соғысып, дос болды. Төс соғысып, қол алысып, дос болды. Сөздіктегі енді бір көп бағыныңқылық үлгідегі тұрақты тіркес (Аспанға ұшса да, жерге батса да, жоқ қылады) бір тұлғалануға көніп, аралас құрмалас сөйлемдік үлгіге бағынғандай: Аспанға ұшса, аяғынан тартады, жерге кірсе, желкесінен тартады.

Сабақтас құрмаластың жасалу жолын көрсетуде етістік тұлғаларының шартты райлы, көсемше және есімшелі болып келетінін білеміз. Мұндай тұлғалардың тұрақты тіркес сыңарларының әрқайсысында болып, бір кездегі С.Аманжолов көрсеткен тиянақты басыңқысыз сабақтастай түзілім құратынын байқауға болады. І.Кеңесбаев сөздігінен ауыз әдебиеті үлгісінде кездесетін Арасат оты жанғанда, бура мұздан тайғанда // Астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп тіркестері мен қырық күн қырғын, мың күн сүргін болса да // Жаяу жатып, атты түсіп қарағандай сияқты баяндауыштарының сыйысуынан болған тіркестерді келтіруге болады.

2) Жай сөйлемдік үлгідегі тұрақты тіркестер де мол. Тек мұндайда салаласу жеке сөйлем мүшесі болып талданарлықтай орайда келеді. Олар І.Кеңесбаевтың көрсетуінде а) бастауыш пен баяндауышқа; ә) анықтауыш пен анықталғыш мүшеге; б) пысықтауыш пен пысықталғыш мүшеге; в) тура және жанама толықтауышпен толықталaтын сипатты фразеологизмдер болып келеді. Мұндай синтаксистік қатынаста тұру салаласа байланысқан сөйлем мүшелеріне де тән. Нақтырақ айтсақ, жоғарыдағы айтқан қатынастың барлығы сақталып отырады да, салаласу белгілі бір сөйлем мүшесінің ішкі құрылымында болады. Мәселен, салаласа байланысқан бастауыш құрылымға Айы-күні батты // Асқақтаған амалшыдан аяңдаған адалдық озады, баяндауыш құрылымға арасы жер мен көктей болмаса ашуы жауған қардай, шөккен нардай тіркестерін жатқызсақ, толықтауыш құрылымдының қатарына ащы мен тәттіні татқан білер // Жанды мен жансызға арыз айтты тұлғаларын, пысықтауыш құрылымдыға ар жақ, бер жақ қып ұстады тіркесін жатқызуға болады.

3) Фразеологизмдердің енді бір түрін сөйлемше негізді тұлғалар құрайды. Біз мұндай негізді құрылымдарға екі мүшелі қатынастан тұрған және олар өзара салаласа байланысуға бейім тұрақты тіркестерді жатқыздық. Оның бір мүшесінің өзі кемі екі сыңардан болып, бағыныңқы-басыңқы сипатта тұрады. Ал олардың теңдік қатынаста келетінін орын алмасуда мағынасы сақталған тіркестер білдіреді. Мәселен, Бармақ басты, көз қысты тіркесімінің орнын өзгерткеннен (Көз қысты, бармақ басты) жең ұшынан жалғасудың мәні жоғалмайды. Бұлардың өзін екі ыңғайда байланыстыруға болады.

а) Ешбір тұлғасын өзгертпей-ақ байланысатын тіркестер. Бұлар сөздердің байланысу тәсілдеріне сүйеніліп құрылады да, сөз тіркесі боларлықтай дәрежеде тұрады. Олардың орын тәртібі амалына бағынып, қабыса келуіне (әр сөз табынан), септік жалғауларының қызметін қамтып, меңгеріле байланысатынына (әр септік тұлғасынан) және ілік септік+тәуелдік жалғаулы матасу формасымен тиянақталған түрлерін кездестіруге болады. Мұның бәрін аталған тәртіп бойынша мысалдармен түгендейік. Қабыса байланысудағы тұлғалар: кебеже, қарын, шұбар төс // адал ақы, маңдай тер // асулы қазан, тігулі үй // жылаған бала, боздаған ана; Меңгеріле байланысқан тұлғалар: сыйға сый, сыраға бая // сөзге батыр, іске пақыр // қардан кебіс, мұздан құрсау // судан тұнық, сүттен аппақ. Басқа септікті меңгерген салаласа байланысулар бола қоймады. Матаса байланысудағы тұлғалар: аттың жалы, түйенің қомы // біреудің қаңсығы, біреудің таңсығы. Бұлармен бірге сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі // сауысқандай сақтығы, жұмыртқадай ақтығы // атса оғы, шапса қылышы // берсе қолынан, бермесе жолынан сынды біраз тіркесулер де осы байланыс түріне жақындайды.

ә) Аздаған өзгеріске түсіп байланысатын тіркестер. Шын мәнінде, соншалықты өзгеріске ұшырайтын салалас байланыстағы тіркестер жоқтың қасы. Оның өзінде белгілі бір дыбыстың, болмаса қосымшаның өзгеруі ғана кездеседі. Бұл қатарға Ләйлі мен Мәжнүндей тіркесін алмастыра қолданып Мәжнүн мен Ләйлідей десек те дұрыс. Тек ондағы өзгеріс -дей қосымшасын алдыңғы сөзге үстемелеуде болады. Ал Жүсіп пен Зылыхадай тіркесін өзгертуде пен = мен, дай = тей дыбыс және буын алмасуларын байқаймыз. Мұндай алмасулар жалғауларға да тән: Өлі мен тірінің арасында = тірі мен өлінің арасында // қылыштың жүзі, найзаның ұшымен = найзаның ұшы, қылыштың жүзімен.

Жалпы, тұлға өзгертуде, байқағанымыздай, біртұтас мағынаға нұқсан келмейді. Олай болса, талданған тұрақты тіркестердің тұлғалық өзгеріске түсуін де жоққа шығаруға болмайды. Бұл тұрғыда «Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын, бүтіндей өзгертіп жібереді» деген нақты ғылыми пікірлер кездеседі. Осыған қатысты зерттеу жүргізген Г.Смағұлова: «Яғни, «тұрақты сөз тіркесінің бәрі бірдей қалыптасқан бір ғана тұлғада қолданылады» деген дәстүрлі ұғымды қатып қалған қағидаға айналдыруға болмайды. Олай болса, «өзгермейтін» тұрақты сөз тіркесінің «тұрақтылығына» да шек келтіруге болады екен» — деп, «Фразеологизмдердің варианттылығын» еңбегін ұсынды[82].

Біздің талдауымызда, бір қарағанда, тиянақсыз тұлғалы сыңарларды салаласа байланысуға жақындату мүмкін еместей көрінеді. Бірақ жоғарыда талдаудан өткізгеніміздей, етістіктің тиянақсыз тұлғаларында келген жеке сыңарлар да, бағыныңқы-басыңқы сипатты құрылымдар да еркін, тең дәрежелік қатынаста келеді. Әрине, тиянақсыз тұлғалы сыңарлардың бәрі осындай қызметке бағынады деп есептемеу керек. Ондайда синтаксистік байланыс пен лексикалық мағынаның тоқайласуына көңіл аударған жөн. Мәселен, кедейлену мағынасындағы Отқа қарап, суға сүрінді тіркесін Суға сүрініп, отқа қарады деуге мағыналық тұтастық жібермейді. Мұндай мысалдарды жай сөйлемдік үлгілерден құрылған салалас құрмалас сөйлемге де қарата айтуға болады: Күн де өтер, айлар өтер, жылдар өтер. Ай күннің өтуінен, жыл айдың өтуінен болатыны түсінікті.

Бір тіркес ішінде ыңғайласып, кезектесіп отыру қарама-қарсы мәнді сөздерде де болады. Бірақ салаласа байланыстағы ондай тіркестердің біртұтас мағынасында ешқандай өзгеріс болмайды. Демек, мағына тұтастығын сақтайды. Мәселен, маңына жолатпады мағынасындағы Алдына келгенін тістеп, артына келгенін тепті тіркесі керісінше түзілімде де бола береді. Біздің байқауымызда, салаласа байланыстағы тұрақты тіркес шеңберін де  кездесетін қарсы мәнді сөздер, Қ.Мусин көрсетуінде: «Жалғаулар арқылы байланысып та, субъект-предикаттық қатынаста болып та келеді»[83]. Күн демей, түн демей // Атар таң, батар күн сөйлемше құрылымды тұрақты тіркестер болса, Бар екен де жоқ екен // Айырмасы жер мен көктей тіркестері жай сөйлемдік үлгіде тұрғандай. Құрмаластық құрылымдағы сыңарлар да қарсы мәнде келе береді. Әрине, ондайда жалпы сыңарлардың қарсы мәнде тұруымен бірге, мәселен, Ұлы ойда, қызы қырда // Суығына тоңып, ыстығына күйді сыңарындағы белгілі бір сөздердің ғана қарсы мәндес болатынын ескерген жөн. Мысалы: Көзбен көрген анық, құлақпен естіген танық // Бірін қуантып, бірін қуартып отыр. «Тұрақты тіркестердің арасындағы осындай кереғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады»[84]. «Фразеологизмы могут вступать со словами и между собой в антонимические отношения, ср: жениться — выйти замуж, победить — потерпеть поражение, хоть пруд пруди — кот наплакал, закадычный друг — заклятый враг» сынды мысалдардан орыс тілі ерекшеліктерін де байқауға болады[85].

Тұрақты тіркестердің синонимдігін де біраз мысалдармен көрсеткеніміз жөн. «Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады» деген ғалымдар, синонимдердің жеке сөздер ғана емес, тұрақты тіркестерде де жиі ұшырасатынын – «көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беруде фразалық тіркестер тілде орасан зор қызмет атқарады» — деп жеткізеді[86]. Біз оған қатысты еңбектің бар екенін тағы да ескертеміз[87]. Оның үстіне біздің синонимдестігіміз бір тұрақты тіркес көлемінен, оның ішінде салаласа байланысқанынан табылып отырады. Бұл қатарға Имандық жоқ, саулық жоқ // Ел аман, жұрт тыныш сияқты тіркестерді топтастыруға әбден болады.

Тұрақты тіркестердің әр түрлі мағына беру қасиеті әлі ашыла қойған жоқ. Бұл — барлық тілдерге қатысты айтылатын пікір. В.В.Виноградов сөзіне сүйенсек, «Фразеологические группы или фразеологические сочетания почти лишены омонимов. Они входят лишь в синонимические ряды слов и выражений. Для того, чтобы у фразеологической группы нашлось омонимическое словосочетание, необходимо наличие слов-омонимов для каждого члена группы» — дей тұрса да, оған сай мысалдарды іздеп былай дейді: — «Однако сами фразеологические сочетания могут быть омонимами фразеологических единств или сращений»[88].

Қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктерді екі үлкен арнаға ажыратқан І.Кеңесбаев көпмағыналық пен омонимдік құбылыстардың өзгеше реңкке түсетінін алға тартады. «Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады. Фразеологиялық түйдектерге келсек, олар омонимия құбылыстарын мүлдем бойына дарытпайды». Десе де, ғалым пікірінде көңіл аударар жайттар да бар «Мәселен, аузын ашты тіркесінің сөйлей бастады, таң қалды деген мағыналарынан басқа, ораза күні кешкі ас алдынан дәм татты деген діни мағынасы да бар. Ол алғашқы мағыналардан алшақ, кереғар жатыр. Осы тұрғыдан қарасақ, фразеологиялық тіркестер ішінде омонимия табылмайды емес»[89]. Ғалым дәйектемесін сөздігінің ішіне аударсақ, омонимдік құбылысқа жауап беретін мысалдарды ала аламыз: Ақ шелегі түскендей ақтарылды = 1) Таусыла, емешегі езіле сөйледі, ақтарыла айтты; 2) Түгін аяған жоқ; Бас қойды = 1) Құныға ішіп жей бастады; 2) Жатты; 3) Тілек тіледі; Маңдайы ашық = 1) Бақыты жанған; 2) …құмалақ салып, бал ашқанда жолаушы кеткен кісіге де жолы жақсы, сау-саламат деген мағынада айтылады.

Келтірілген мысалдардағы рет санымен тиянақталған сыңарлар мағынасы әр түрлі, сондықтан оларды синонимдер деп тануға әбден болады. Әйтпегенде мұндай сыңарлардың түп-төркіні біреу болып келетіндері кездеседі. «Сондықтан да осы типтес жақындықты омонимия деп қарамай, полисемия деп білген жөн тәрізді» — дейді І.Кеңесбаев. Расында, ондай кұбылысты тіркестер де көптеп кездеседі. Қараңыз: Аузын айға (тасқа) біледі = 1) Мейлінше қаһар, айбар, батыл кайрат көрсетті; 2) Тісін қайрап, өшікті; Азып-тозып кетті = 1) Ішер ас, киер киімге жарымады; 2) Жоқшылықпен бытырап кетті; Шел басты = 1) Көрініп тұрған нәрсені көрмеді; 2) Соқыр болды; 3) Надан болды.

Фразеологиялық омоним мен көпмағыналыққа қатысты талдауды өз тақырыбымызға қарай ойыстырсақ, аз да болса мысалдық дерек табылатынын айтуға тиістіміз. Мысалы, бір мағынасы аласа/төмен, екінші мағынасы аса сыпайы/кішіпейіл болып келетін тіркестің тұлғалануы Бетегеден биік, жусаннан аласа, болмаса Бетегеден аласа, қойдан жуас. Ал бұл өз кезегінде орын алмасу қызметіне толық бағынышты. Салаласа тіркескен құрылымдардың ішінде омонимге қарағанда көпмағыналық құбылыс жиі ұшырасады. Оның қатарына мінез-құлығы үйлес және ұқсас іс-әрекет мәнін беретін Ағама жеңгем сай, апама жездем сай және бағушының еңбегі сіңген төл мал/бағып-қаққан бала мәнін қамтитын Аузын үріп, аяғын сыпырып, табанын қырып өсірген қүрделі құрылымды тіркестер жата алады.

Қорыта келгенде, лексикалық салаласу қатарына жеке сөздік тұлға ретінде антоним, омонимдердің тең дәрежелік және мәндес қатынаста тұрып атқаратын қызметтерін жатқызуға болады. Сондай-ақ, жеке сөздің эквиваленті болатын тұрақты тіркестердің салаласа байланысы да тең дәрежелік қатынаста келіп отырады. Күрделі сөз тарапындағы қос сөздердің салаластық байланыстағы қызметі де назардан тыс қалған жоқ. Әрине, бұлардың бәрі өз кезегінде бір-бірімен алуан түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысып, синтаксистік құрылыс үшін барынша қызмет атқарады.

 

 

 

[1] Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Очерктер. Алматы, 1948. – 34-б.

[2] Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. Алматы, 1977. – 23-б.

[3] Гоноблин Ф. Психология // Аудар.: М.Әбдіров, Ғ.Серікбаев, Ә.Тұрғанов, М.Құбашева. Алматы, 1976. – 82-б.

[4] Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993. – 193-б.

[5] Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994. – 14-б.

[6] Сонда, 16-б.

[7] Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994. – 164-б.

[8] Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993. – 196-б.

[9] Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. – 61-б.

[10] Ерназарова З.Ш. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. Филол. ғыл. док. ғылыми дәрежесін алу үшін жазыл. дисс. авторефераты. Алматы, 2002. – 31-б.

 

[11] Жармакин O.K. Побудительные предложения в современном казахском языке. Дисс. на соиск. уч. степ. канд. филол. наук. Алматы, 1970. – 6-с.

[12] Дүйсембекова JI. Қазақ тіліндегі бұйрық райдың құрылысы мен мағынасы. Оқу құралы. Алматы, 1999.– 48-б.

[13] Төлегенов О. Жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. Алматы, 1968. – 80-б.

[14] Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері. Алматы, 2002. – 35-б.

[15] Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. – 218-б.

 

[16] Тұрғынбаев Ә. Логика: жоғары оқу орындарының гуманитарлық факультет студенттеріне және гимназия мен лицейлердің оқушыларына арналган оқу құралы. Алматы, 2000, 176 б.

[17] Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994

[18] Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. Алматы, 1977. – 20-б.

[19] Галкина-Федорук Е.М. Современный русский язык. Лексика. М., 1954. – 46-с.

[20] Философиялық сөздік. Алматы, 1996. – 357-б.

[21] Тұрғынбаев Ә. Логика: жоғары оқу орындарының гуманитарлық факультет студенттеріне және гимназия мен лицейлердің оқушыларына арналган оқу құралы. Алматы, 2000. – 52-б.

 

[22] Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Очерктер. Алматы, 1948. – 10-б.

[23] Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994. – 18-б.

[24] Абдыгалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категория. Филол. ғыл. док. ғылыми дәрежесін алу үшін жазыл. дисс. авторефераты. Алматы, 1998. – 46 б.

 

[25] Жармакин O.K. Побудительные предложения в современном казахском языке. Дисс. на соиск. уч. степ. канд. филол. наук. Алматы, 1970. – 18-б.

[26] Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 1994. – 6-б.

[27] Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. – 14-б.

[28] Философиялық сөздік. Алматы, 1996. – 421-б.

[29] Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990. – 490-б.

[30] Головин Б.Н: Введение в языкознание. М., 1977. – 188-с.

 

[31] Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. Алматы, 1999. – 8-б.

[32] Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1991. – 57-б.

[33] Будаев А.Ж. Система фонем современного карачаево-балкарского языка. Нальчик, 1968. – 34-с.

[34] Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987. – 308-б.

[35] Будагов Р.А. Очерки по языкознанию. М., 1953. – 139-с.

[36] Жунисбеков А. Просодика казахского языка. Алматы, 1987. – 92 б.

[37] Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988. – 109-б.

[38] Современный русский язык. М., 1987. – 109-с.

[39] Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999. – 82-б.

 

[40] Бондарко JI.B. Звуковой строй современного русского языка. М., 1977. – 108-с.

[41] Современный русский литературный язык. Л., 1988. – 138-с.

[42] Грамматика русского языка. Том I. М., 1960. – 233-с.

[43] Матусевич М.Н. Современный русский язык. М., 1976. – 34-с.

[44] Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. – 142-б.

[45] Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. Алматы, 1999. – 29-б.

[46] Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986. – 52-с.

[47] Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы, 1994. – 44-б.

[48] Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988. – 67-б.

[49] Будаев А.Ж. Система фонем современного карачаево-балкарского языка. Нальчик, 1968. – 89-с.

[50] Философиялық сөздік. Алматы, 1996. – 422-б.

[51] Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі дистрибуциялылық пен функционалдылық. Филол. ғыл. док. ғылыми дәрежесін алу үшін жазыл. дисс. Алматы, 1998. – 88-б.

 

[52] Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974. – 7-б.

[53] Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999. – 123-б.

[54] Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987. – 275-б.

[55] Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындагы қиындықтар. Алматы, 1988. – 23-б.

[56] Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы, 1985. – 206 б.

[57] Матусевич М.Н. Современный русский язык. М., 1976. – 171-с.

[58] Современный русский язык. М., 1987. – 129-с.

[59] Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы, 1987. – 308-б.

[60] Досмұхамедұлы X. Аламан. Алматы, 1991. – 83-б.

[61] Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999. – 35-б.

[62] Головин Б.Н: Введение в языкознание. М., 1977. – 120-с.

[63] Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966. – 309-с.

[64] Головин Б.Н: Введение в языкознание. М., 1977. – 78-с.

[65] Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. – 84-б.

[66] Қазақ тілінің сөздігі. Алматы, 1999. – 177-б.

[67] Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы F. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997. –124-б.

[68] Ерназарова З.Ш. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. Филол. ғыл. док. ғылыми дәрежесін алу үшін жазыл. дисс. авторефераты. Алматы, 2002. – 29-б.

[69] Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, 1971. – 136-б.

[70] Кокумбаева Б., Сағындықұлы Б., Кокумбаева JI. Мәдениеттану негіздері. Павлодар, 2002. – 114-б.

[71] Реформатский А.А. Введение в языковедение. М., 1967. – 343-с.

[72] Исаев С. Қазақ тілі жайлы ойлар. Алматы, 1977. – 74-б.

[73] Қасым Б. Күрделі зат есімдер сөздігі. Алматы, 1999. –  110 б.

[74] История советского языкознания: Некоторые аспекты общей теории языков. Хрестоматия // Сост. Ф.М.Березин. М., 1988. – 256-с.

[75] Будагов Р.А. Очерки по языкознанию. М., 1953. – 84-с.

[76] Маслов Ю.С. Введение в языкознание. М., 1987. – 119-с.

[77] Современный русский литературный язык. JL, 1988.  – 90-с.

[78] Современный русский язык. М., 1987. – 71-б.

[79] Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы F. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997. –189-б.

[80] Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы, 1988. – 26-б.

[81] Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977. – 619-б.

[82] Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы, 1996. – 128 б.

[83] Мусин Ж. Қазақ тіліндегі антонимдер. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін жазыл. дисс. Алматы, 1970. – 28-б.

[84] Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы F. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997.– 206-б.

[85] Современный русский литературный язык. JL, 1988. – 94-с.

[86] Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы F. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997. –116-б.

[87] Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы, 1988. – 196 б.

[88] История советского языкознания: Некоторые аспекты общей теории языков. Хрестоматия // Сост. Ф.М.Березин. М., 1988, 527 с.

[89] Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977. – 592-б.