Тереңкөл ауданында «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты ғылыми конференциясы

Үстіміздегі жылғы қарашаның 4-де Тереңкөл ауданының Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты ғылыми конференциясы өтті. Аталған конференцияға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ф.ғ.докторы, профессор Бекен Сағындықұлы қатысып «Тіл және оның даму тарихы» жайында ой-пікірімен бөлісті. Конференция қатысушыларына «Ана тілі» орталығы белсенді қатысып, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану және оқыту ерекшеліктеріне назар аударған болатын.