“Тілдік келісім” жобасы бойынша
Өткен сенбі күні, яғни қазанның 6-да “Тілдік келісім” жобасы бойынша Павлодар қаласы мен Кенжекөл ауылындағы балалар үйінің жасөспірімдерімен бірге Щарбақты ауылына барып қайттық. Аталған іс-шара барлығының көңілінен шықты, себебі қасиетті жерге барып ауасын жұтып қайтқандардың көңілі ашылып, ниеттері дұрыс болады ғой. Алланың нұры жауғандай, сол күні өте жылы, шуақты күн де болды, балаларымыздың көпке естерінде қалатыны күмән келтірмейді.