“Тілдік келісім” жобасының аяқталуына арналған іс-шара
Қыркүйектің 11-де басталған “Тілдік келісім” жобасы қарашаның 16-да аяқталып үлкен іс-шарамен қорытындалды. Осы жоба барысында қазақ тілі курсы тек қана сабақпен шектелген жоқ, салт-дәстүр, тұрмыстық жағдаятта қажетті қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындау, оюлап тігу, “мақал-мәтелдер батлы” және басқа да қызықты сәттермен есте қалатындай болды. Ал, ерекше айтатын шара болса, Шарбақты ауданындағы қасиетті жерге барып, еліміздің тарихи тұлғаларымен, олардың өмірімен танысу да болатын. Тілге қатысты істер көп болмайды, себебі, адам өсе келе әлеммен танысады емес пе, ағайын. Балаларымызды болашаққа қадам еткен сәтте, еліміздің, өткен тарихымен тәрбиелеуіміз қажет. Ертең-ақ осы жасөспірім өсіп, үлкен азамат болғанда, естерінде оларға арнайы жасағанымыз қалар. Бақытты болсын ұрпақ, ниеттері оң болсын, дегім келеді.
16 ноября текущего года и завершился проект “Тілдік келісім”, который начал свою работу 11 сентября, большим мероприятием. В ходе проекта мы не ограничивались только уроками казахского языка, мы постигали мудрости быта, повседневной жизни через пословицы-поговорки в стиле “батла”, учились искусству готовить национальные блюда, а это умение пригодится каждому из них, шили, пели и много интересного происходило за это время. Особо, хочется отметить посещение сакрального места в Щербактинском районе. Никогда не бывает много мероприятий касательно языков, ведь через язык знакомимся с миром. Когда подрастающее поколение устремляется в будущее мы должны воспитывать историческими вехами страны, его прошлым, людьми, которые творили прошлое и настоящее. Завтра, вырастут и разлетятся в разные стороны наши дети и унесут с собой в памяти наши эти мероприятия, это настоящее, что мы дарим им, благословления на добрый путь. И хочется пожелать всем счастливого пути в жизни, пусть будут чисты их помыслы.