Тереңкөл ауылында өтіп жатқан курс
Тереңкөл ауылында өтіп жатқан латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курсы. Конфуцийдің “тауды орнынан қозғай алған адам ұсақ тастарды бір жерден басқа жерге тасудан бастаған” демекші, тыңдаушыларымыз да сабақ сайын өз білімдерін жетілдіріп жатқан көрінеді. Біріншіден, сенімділік пайда болды, екіншіден, сасқалақтық жоқ, үшіншіден, оң нәтижесін көрген олар позитивтік шығармашылыққа бет бұрған. Латын қарпінің тілдік әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін әрекеттер қажет. Бұл өте күрделі әрі қызықты кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс, осыны түсінген тыңдаушыларымыз әр сабақта оң нәтижеге ұмтылған жандар. Ал, олай болса топтарымызға сәттілік тілейміз.