Мыналарға назар аударыңыз!
- Жалғаулар – окончания:
ға / – ге – дауысты, үнді және ұян дыбыстары / з, ж / дыбыстардан соң;
қа / – ке – қатаң және ұян дыбыстары / б, в, г, д /;
а / – е – тәуелдік жалғаудың 1ж.-(ым/ім/м) және 2ж.-(ың/ің/ң);
на / – не – тәуелдік жалғаудың 3 ж.(сы/сі/ы/і).
2. Мынадай маңызы бар – имеют значение:
в, на, к, за деген орыс тіліндегі предлогтардың (значение русских предлогов).
Сұрақтары: қайда? – куда? неге? – зачем? почему? не үшін? – для чего, во имя чего?
3. Мынаны білдіреді – обозначают:
•Бағытты – направление;
•Қозғалысты – движение;
•Мақсатты – цель.
Динамиканы білдіреді, яғни «бару», «жүру» деген ұғымды.
Ресми құжаттарда сәйкес – в соответствии, байланысты – в связи деген сөзбен қолданылады. Мысалы: Облыс әкімінің хатына (шешіміне) сәйкес.
Мына мобильдік қосымша тапсырмаларды бойынша орындап көріңіз!Неше балл алдыңыз?…