Тереңкөл ауданында “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” атты ғылыми конференциясы

Үстіміздегі жылғы қарашаның 4-де Тереңкөл ауданының Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” атты ғылыми конференциясы өтті. Аталған конференцияға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ф.ғ.докторы, профессор Бекен Сағындықұлы қатысып “Тіл және оның даму тарихы” жайында ой-пікірімен бөлісті. Конференция қатысушыларына “Ана тілі” орталығы белсенді қатысып, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану және оқыту ерекшеліктеріне назар аударған болатын.