“Күн сәулесі” жобасы

“Күн сәулесі” жобамыз қызу сабақтар үстінде…

Бұл ерекше тобымыз, себебі көзі нашар көретін жандарға арналған. Арнайы оқулық Брайль жүйесімен басылған және оның аудио нұсқасы да көзделген. Әр тыңдаушыларымызға пакетке салынған сыйлықтарымыз таратылған. Қажетті көзілдірік оқуға ыңғайлы, қалам дәптер, Брайль жүйесімен басылған оқулық, басқа да қажетті оқулықтармен қамтылған болатын.