Конкурс жайлы шолу …

Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және Қ. Әбусейітов мекемесінің тапсырысы бойынша қарашаның 20-да С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада “12 стульев” стилінде латын қарпі негізінде конкурс өтті. Конкурсқа қаламыздың үш колледж студенті қатысты. Жаңа форматта өткен конкурс қызықты әрі пайдалы өткен. Қызықтыратын тапсырмалар жаңа технологиялар тұрғысынан құрастырылған. Орталығымыз спикер ретінде қатысып тапсырмаларды ортаға салды. “Ана тілі” тәтті сыйлығымыз да қатысушыларға ынта ретінде табыс етілді.