Практикалық сабақ: Қаланың ірі сауда үйінде өткен сабағымыздан…
Бүгін, яғни желтоқсанның 23-де қаламыздағы ірі сауда үйімізде қазақ тілі сабағымызды өткіздік. Пандемияға байланысты шағын топпен барып, өткенді қайталау ретінде, тұрмыстық жағдаяты арқылы сабақ өтті. Өткенде Батырмолл, Инмарт дүкендерінде өткен сабақтарымызды жалғастара келе осы дүкенге тоқталдық. Ал енді, келесі сабақтарымыз Манақбай, қаламыздың базарларында және тағы басқа жерлерде осы форматта өткізбекпіз. Біріншіден, қызықтыра түседі, екіншіден, қазақ тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырып дамытады.