Тәрбиешілерге әдістемелік көмек ретінде

Күні: Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Қоян»

Атауы Ортаңғы топ
Мақсаты: Балаларды бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшектермен толықтыруға (тұмсық, көздер, құлақтар, кішкене табан) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.
Міндеттері: Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.Ой-өрісін, ойлау қабілетін,  қол икемдерін дамыту. Өздігінен тандауға ерік беру.
Құрал-жаб.: Қоянның суреті. Мүсінделген қоянның үлгісі. Жабайы жанурлар (түлкі, қасқыр, қоян), ермексаз, тақтайша,  сүлгі
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, мүсіндеу
Билинг.ком.: Қоян-заяц, мүсіндеу-лепка, көз-глаза.

 

Іс-әрекет кезеңі Ортаңғы топ
Тәрбиешінің іс-әрекеті +
1.Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Ұйымдастырушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   3.Рефлексивтік-түзетушілік

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық.

Арайланып таң атты.

Күн шуағын таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қайырлы күн, достарым!

Үстел үстінде сулықпен жабылған ойыншық жабайы жануарлар тұр. Тәрбиеші сулықтың шетін көтереді де, онда біреулердің тығылып тұрғанын айтады. Жануарларды кезек-кезек алып шығады, балалар олардың аттарын атайды.

– Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, жабайы жануарлар адамдардың үйінде тұрады ма, әлде орманда өмір сүреді ме?

–        Әрине, олар жабайы табиғат аясында өмір сүреді. Сондықтан оларды жабайы  жануарлар деп атайды. Жануарлар ормандар мен шөл далаларда, суық және ыстық елдерде өмір сүреді. Оларға ешкім де қамқор болмайды. Өз тамақтарын өздері тауып жейді.

Дид.ойын: «Ойлан тап»

Мақсаты: Тірек суреттер арқылы жабайы жануарларды тауып, сипаттауы тиіс.

–        Балалар, бізге қонаққа қоян келді. Оның

құлақтары ұзын және құйрығы шошақ, тоны сұр. Ол қасқыр, түлкілерден қорқады. Сондықтан мен оны шыршаның астына тығып қойдым. Енді біз қоянға көмектесу үшін мына ермексазбен қоянның бейнесін мүсіндейік. Ермексазды алақанызбен уқалап, тақтайшада ысып, саусақтарымызбен майыстыру арқылы жұмсартып ұзын, сопақша жасаймыз. Осы біртұтас сопақшадан шымшу арқылы қоянның дене мүшелерін жасаймыз.

Енді басына көзін, мұрнын орналастырайық. Аяғына табанын жабыстырайық. Міне, осылай біз біртұтас қоянды мүсіндедік.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Табиғатты сүйеміз

Билеп, билеп аламыз.

Қонаққа келген қоянымыз риза шығар. Қане барлығымыз жұмыстарымызды қонағымызға көрсетіп мәз қылып қуантайық. Ендеше, балалар, қонаққа келген қоянымызды қасқыр мен түлкіге жем болып қалмасын деп шығарып салайық.

Қоян: -Сау болыңдар, балалар! Сендер өте өнерлі, тату, ұйымшыл балалар екенсіңдер. Сендерге кездескеніме қуаныштымын!

Балалардың жұмыстарын жинап, өз қолдарымен жасаған еңбектерін салыстырып, балаларды мақтау арқылы, оқу іс-әрекетін аяқтау.

   

Орлова Т.В. №31 б/б тәрбиешісі