“Тілдік келісім” фестивалі
Ағымдағы қазанның 19-да Кенжекөл балалар үйінде “Тілдік келісім” жобасының фестивалі өтті. Екі балалар үйінің, яғни Кенжекөл ауылы мен Павлодар қаласының балалары концерт қойып, спорт сайысын өткізіп, тіпті би билеп, батл де өткізді. Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды, тәттілермен шай берілді. Көңілдерінен шыққан іс-шара тағы да достардың бастарын қосатын болады.