“Тіл волонтері” Ертіс ауданына тегін семинар-тренинг өткізді.

“Тіл волонтері” жоспарланған жұмысын жалғастыруда. Әр ауданға тегін семинар өткізу жоспарда бар болатын. Соның алғаш семинары Ертіс ауданына арналған. Үстіміздегі жылғы мамырдың 22-де Ертіс ауданының тыңдаушыларына арналған онлайн-семинар өткізілді. Семинар барысында латын қарпінің ерекшеліктеріне, ресми стиль жайында да мағлұмат беруге тырыстық. Дәстүрге айналған интерактивтік тапсырмаларын да қызыға орындап шыққан тыңдаушылардың көңілінен шыққандай болды.