Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілген іс-шара
Үстіміздегі жылғы наурыздың 15-де “№4 арнайы мектеп-интернаты” КММ-нің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілген іс-шара өтті. “Ең үздік презентациясы” атты конкурс қазақ тілі аптасы аясында өткізілген болатын. Мекеменің басшысы Насонов Михаил Михайлович мерекелік салтанатты ашып, маңыздылығын атап кетті. Мекемедегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлбағда Ердешқызы Кәрімованың бастамасын қолдаған ұжым белсенділік танытып жоғары деңгейде өткізді. Жеке атап кететін жағдай, мұғалімдер жанымен беріліп істейтін мамандар, балалар мен мұғалім арасындағы байланысы бірден көзге түседі. Мұғалім болсаң осындай бол! Балалардың қатысуы, жинақтаған материалдары мен деректері көңілден шықты. Қонақ ретінде отырып, алқа мүшесі ретінде көзімнен жас алдым. Шіркін-ай, егер барлығы осындай қатысуларын көрсете білсе, нұр үстіне нұр болар еді.