Тұрғын үй иелеріне арнайы қазақ тілі курсы ұйымдастырылды…

 

Тілдер мерекесіне орай “Тіл волонтері” “Изучаем казахский всем домом” атты акциясын бастады. Қазақ тілін үйренемін дегендерге арнайы курс ашып, тегін оқытуын бастадық. Қазіргі таңда Чокин 100 мекенжайындағы он алты қабатты үй тұрғындары жазылып, сабақтарымызды қасиетті жұма күні, яғни 4 қыркүйекте бастап кеттік. Келесі жазылғандар Геринг көшесіндегі тұрғын үй азаматтары. Тіліміздің дамуына қосып жатқан үлесіміз оң болсын деген ниеттеміз. Іске сәт!